МАРҚА ЖАЗҒАН ІЗГІ ХАБАР

Жаңияның Иса Христос туралы уаеыздауы

1:1 Қүдай Үлы Иса Христос туралы Ізгі хабардың басы: 2 Пайғамбарлар [Қүдайдың Сөзін] былай деп жазып: «Міне, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, Ол Сенің жолыңды дайындап қояды. 3 Шөл далада шақырған біреудің даусы [шығады]: Тэңірге жол әзірлеңдер, Оның жолдарын түзетіңцер!» — дегендей, 4 шөл далада Шомылдырушы Жақия пайда болды. Ол адамдарға, күнэларының кешірілуі үшін теріс жолдарынан қайтып, Қүдайдың жолына түсіп, өздерін суға шомылдыртуды уағыздап жүрді. 5 Сонда бүкіл Иудея өлкесінің жэне Иерусалим қаласының түрғындары Жақияның қасына келіп, өз күнэларын мойындады және Жақияның қолынан Иордан өзенінде шомылдырылды. 6 Ал Жақия түйе жүнінен киім киген, қайыспен белін буған, оның асы шегіртке мен жабайы араның балы болатын. 7 Жақия сөйлеп былай деді: — Менің соңымнан менен күшті Адам келеді. Мен иіліп, Оның аяқкиімінің бауын шешуге де лайықты емеспін. 8 Мен сендерді суға шомылдырдым, ал Ол болса, сендерді Киелі Рухқа шомылдырады.

Исаның шомылдырылуы және сыннан өтуі

9 Сол күндерде Иса Ғалилея өлкесіндегі Назарет қаласынан келіп, Иордан өзенінде Жақияның қолынан шомылдырылды. 10 Иса судан шыққан уақытында [Жақия] аспанның ашылғанын және [Киелі] Рухтың көгершін сияқты Оның үстіне түсіп қонғанын көрді. 11 Сонда аспаннан: — Сен Менің сүйікті Үлымсың, Мен Саған ризамын, — деген дауыс естілді. 12 Содан кейін [Киелі] Рух Исаны дереу айдалаға апарды.13 Айдалада қырық күн түрғанда, шайтан Исаны сынады; Ол андар арасында түрды, ал періштелер Оған қызмет етті.

Исаның уагыздауы және алгашқы шәкірттерін таңдауы

14 Жақия қамалғаннан кейін, Иса Ғалилея өлкесіне келіп, Қүдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жариялап: 15 — Енді уақыты жетіп, Қүдайдың Патшалығы таяп келді! Теріс жолдарыңнан қайтып, Ізгі хабарға сеніңдер! — деп сөйледі. 16 Иса Ғалилея көлінің жағасымен бара жатқанда, көлге ау салып жүрген Симон мен оның інісі Андрейді көрді. Олар балықшы болатын. 17 Иса оларға: — Менің соңымнан еріңдер. Мен сендерді, балық аулағандарыңцай Маған адам жинаттырамын, — деді. 18 Олар дереу ауларын тастап, Оған еріп [Оның шэкірті болды]. 19 Сол жерден біраз эрірек жүрген соң, Ол Зебедейдің үлдары Жақып пен Жақияны көрді. Олар қайықта ауларын жамап отыр еді. 20 Сонда Иса оларды шақырды, олар да экелері Зебедейді жұмысшылармен бірге қайықта тастап, Оған ілесті.

Исаның Қапарнаумдагы уагыздауы мен адамдарды сауықтыруы

21 Олар Қапарнаум қаласына келді. Келесі демалыс күні Иса мэжілісханаға кіріп, [жиналған жұртты] үйрете бастады. 22 Жұрт Оның үйретуіне таң қалысты, өйткені Ол оларды діни мүғалімдер сияқты емес, Өзінің билігімен үйретті. 23 Сонда жын соққан бір адам олардың мэжілісхана-сында айкайлап: 24 — Тоқта, назареттік Иса! Сенің бізде не жүмысың бар? Бізді қүртуға келдің ғой! Сенің кім екеніңді білемін, Сен Қүдайдың Киелісісің, — деді. 25 Бірақ Иса оған: — Үніңді өшір де, бұл адамның ішінен шығып кет, — деп тыйым салды. 26 Жын оны дереу шайқалтып, қатты дауыспен айқайлап оның ішінен шығып кетті. 27 Сонда барлығы қорқып аң-таң болып қалды. Бір-бірінен: — Бұл не? Бұл не еткен жаңа ілім? Ол жындарға билікпен бұйрык береді, олар да Оған бағынады, — деп сүрасты. 28 Осыдан кейін Ол жайындағы хабар тез арада бүкіл Ғалилея өлкесіне тарады. 29 Көп кешікпей мэжілісханадан шыққан Иса Жақып жэне Жақиямен бірге Симон мен Андрейдің үйіне кірді. 30 Симонның қайын енесі безгекпен ауырып төсек тартып жатыр еді. Олар мүны Исаға дереу айтып берді. 31 Иса оның қасына барып, оны қолынан үстап түрғызды. Оның безгегі дереу шығып кетті, эйел оларды күте бастады. 32 Күн батып кеш болған кезде [ондағы жүрт] Исаға науқастар мен жын соққандардың барлығын алып келді. 33 Жүрттың бэрі сыртта, есік алдына жиналды. 34 Иса түрлі дертпен азаптанған көптеген кісілерді сауықтырды жэне көп жындарды кісілерден шығарып тастады. Жындар Оның [Христос] екендігін білгендіктен, Ол олардың сөйлеуіне тыйым салды. 35 Ертеңінде Иса таң алдында түрып үйден шықты да, оңаша бір жерге барып дүға етті. 36 Симон жэне онымен бірге болғандар асығып Оның соңына түсті. 37 Оны тапқаннан кейін Оған: — Жүрттың бэрі Сені іздеп жүр, — деді. 38 Иса оларға жауап беріп: — Енді жақын мандағы ауылдар мен қалаларға барайық. Ол жерлерде де Менің уағыздауым керек, өйткені Мен сол үшін келгенмін, — деді. 39 Жэне бүкіл Ғалилея өлкесін аралап, мэжілісхана-ларда уағыздап, кісілерден жындарды шығарып тастап жүрді. 40 Исаға алапес біреу келіп, тізесін бүгіп: — Егер Сен қаласаң, мені жазып тазалай аласың, — деп жалбарынды. 41 Иса жаны ашып, оған қолын созып тигізді де: — Қалаймын, тазалан, — деді. 42 [Иса бүл сөзді айтысымен] алапес онан дереу кетті де, адам сауығып тазаланды. 43 Иса оны дереу жіберіп: 44 — Байқа, ешкімге ештеңе айтпа! Бірақ [сенің жазылғаның оларға] эйгілі болсын деп діни қызметкерге барып өзіңді көрсет те, Мүса [пайғамбар] бүйырған сыйлықты бер, — деп жарлық берді. 45 Алайда ол шыққан бойда-ақ болған уақиғалар жайында эшкере түрде сөйлеп, хабарды жариялай бастады. Сондықтан Иса одан кейін ешбір қалаға ашық түрде кіре алмады, бірақ қаланың сыртындағы елсіз далада түрды. Сонда да жүрт Оған эр жақтан келе берді.

Бір мугедектің жазылуы

2:1 Иса [бірқанша] күннен кейін Қапарнаумға қайтып келгенде Оның үйде екендігі жайында хабар жайылды. 2 [Дереу] көптеген кісілер жиналып келіп, тіпті есік алдында да кісі түратын жер қалмады. Иса оларға [Қүдайдың] Сөзін уағыздады. 3 Сол мезгілде Оған төрт кісі сал болып ауырған бір адамды көтеріп алып келді.4 Адамдардың көптігінен Исаға жақындай алмаған соң олар Иса тұрған үйдің төбесін ашып, сал болғанды төсегімен Оның алдына түсірді. 5 Иса олардың сенімдерін көріп, сал болған адамға: — Балам, сенің күнэларың кешірілді! — деді. 6 Діни мүғалімдердің кейбіреулері онда отырып, өз көңілдерінде: 7 — Бұл неге солай сөйлеп Құдайды қорлап тұр? Адамның күнэсын Қүдайдан басқа кім кешіре біледі? — деп ойлады. 8 Иса өз рухымен олардың солайша ойлағандықтарын дереу сезді де, оларға: — Сендер көңілдеріңде неге солай ойлайсыңдар? 9 Сал болған кісіге қайсысын айту оңайырақ: сенің күнэларың кешірілді деу ме, жоқ, орныңнан түрып төсегіңді алып жүре бер деу ме? 10 Бірақ жер бетінде күнэларды кешіруге Адам Үлының билігі бар екендігін білулерің үшін ... — деп, сал болған адамға [бүрылып]: 11 — Саған айтып түрмын: орныңнан түрып төсегіңді ал да үйіңе қайт, — деді. 12 Ол дереу жатқан орнынан түрды да, төсегін жинап алып жүрттың көз алдында үйден шығып кетті. Бэрі таң қалысып, Қүдайды мақтап: — Бұндайды біз ешқашан көрген емеспіз, — десті.

Матай-Левидің шәкірттерге қосылуы

13 Иса қайтадан көл жағасына барып, жүрттың бэрі Оның қасына келді, Ол оларды үйретті. 14 Сонан соң кетіп бара жатқанда, Ол салық кеңсесінің қасында отырған Алпейдің баласы Левиді көрді де оған: — Менің соңымнан ер, — деді. Ол орнынан тұрып Оған [шэкірт болып] ілесті. 15 Иса оның үйінде дастарқан басында отырғанда, Онымен жэне Оның шэкірттерімен бірге көптеген салықшылар мен күнәкарлар дастарқандас болды. Өйткені сол сияқты көп кісілер Оның соңынан еріп жүрді. 16 Діни мүғалімдер мен парызшылдар Оның салықшылар және күнәкарлармен бірге ас ішіп отырғанын көріп, Оның шэкірттеріне: — Ол неге салықшылар жэне күнэкарлармен бірге ас ішіп отыр? — деді. 17 Мүны естіген Иса оларға: — Дэрігерге дені саулар емес, аурулар мүқтаж. Мен әділдерді емес, күнэкарларды теріс жолдарынан қайтып, Қүдайдың жолына түсуге шақыруға келдім, — деді.

Той бастпалды! Жаңа өмірдегі жаңа салтшар

18 Жақияның шәкірттері де, парызшылдардың шәкірттері де [жиі] ораза үстап жүрді. Кейбір кісілер Исаға келіп: — Жақияның жэне парызшылдардың шэкірттері ораза үстайтын болғанда, Сенің шэкірттерің неге ораза үстамайды? — деген сүрақ қойды. 19 Иса оларға: — Тойға келгендер күйеу өздерімен бірге болғанда ораза үстай ала ма? Жоқ, күйеу өздерімен бірге болған кезде олар ораза үстай алмайды. 20 Бірақ олардан күйеуді ажыратып алып кететін күн келеді, сол күндерде олар ораза үстайтын болады. 21 Ешкім ескі киімге жаңа матадан жамау жамамас. Олай етсе, жаңа жамау ескі киімнен жыртылып, жыртық бүрынғысынан бетер болады. 22 Жаңа шарапты да ешкім ескі торсыққа қүймас. Олай етсе, жаңа шарап ескі торсықты жарып, шарап та ағып кетеді, торсық та бүзылады. Керісінше, жаңа шараптың жаңа торсыққа қүйылуы тиіс, — деді.

Діни демалыс куні жайындагы мэселе

23 Бір [діни] демалыс күні Иса егіндіктің арасынан өтіп бара жатқанда, Оның шэкірттері егіннің масақтарын үзіп ала бастады. 24 Парызшылдар Оған: — Қарашы, бүлар демалыс күні істеуге болмайтын бір істі неге істеп жүр? — деді. 25 Ол оларға жауап беріп: — Дәуід [патша] мен оның қасындағылары мүқтаж болып ашыққанда не істегенін ешқашан да оқымаған-сыңдар ма? 26 Ол бас діни қызметкер Абиятардың заманында Қүдайдың үйіне кіріп, тек діни қызметкерлерден басқа ешкімге жеуге болмайтын, Қүдайға үсынылған нандарды өзі де жеген, қасындағыларға да берген емес пе? — деді. 27 Оларға тағы да: — Адамдар демалыс күні үшін жаратылмаған, керісінше, демалыс күні адамдар үшін белгіленіп жаратылған. 28 Сондықтан Адам Үлы демалыс күнінің де Қожасы, — деді.

Діни демалыс күнінде жақсылық істеуге бола ма?

3:1 Иса тағы да мэжілісханаға кірді. Онда қолы семіп қалған бір адам бар еді. 2 [Парызшылдар] Исаға кінэ тағуға тырысып, Ол оны демалыс күнінде сауықтырар ма екен деп андыды. 3 Иса қолы семіп қалған адамды шақырып: — Ортаға шықшы, — деді. 4 Содан соң Ол оларға: — Демалыс күнінде не істеуге болады: жақсылықты ма, элде жамандықты ма? Біреудің өмірін қүтқаруға ма, элде жоюға ма? — деді. Бірақ олар үн қатпады. 5 Иса айналасында отырған осы адамдарға ашумен қарап, олардың көңілдерінің қиқарлығына уайым жеп, элгі кісіге: — Қолыңды созшы, — деді. Ол қолын созды, сонда қолы екіншісіндей болып жазылды. 6 Ал парызшылдар сыртка шығып, дереу Иродтың кісілерімен кеңес қүрып, Исаны қалай қүрту жайында ақылдасты.

Халықтың Исаның қасына топ-тобымен жиналуы; Исаның он екі елшісін тагайындауы

7 Бірақ Иса өз шэкірттерімен көлдің жағасына кетті. Оның соңынан Ғалилеядан, Иудеядан, 8 Иерусалимнен, Идумеядан жэне Иорданның арғы бетінен көп халық еріп жүрді. Оның не істегенін естіп Тир мен Сидон қалаларының төңіректерінен де көптеген кісілер Оған келді. 9 Қаптап келген халық Өзін сығыстырмасын деп Иса Өзінің шэкірттеріне Өзі үшін бір кішкене қайық даярлауды тапсырды. 10 Себебі, Иса көп кісі сауықтырып жібергендіктен, эр қилы дертке үшырағандардың бэрі Оған қолдарын тигізуге тырысып, Оған таяла түсті. 11 Ал адамдардағы жындар Оны көргенде Оның аяғына жығылып: — Сен Қүдайдың Ұлысың! — деп айқайлады. 12 Бірақ Ол олардың Өзін жүртқа таныстыруына қатты тиым салды. 13 Сонан соң Ол тауға шығып, көңілі қалаған адамдарын қасына шақырды. Олар Оның қасына келді. 14 Олардың он екісін Өзімен бірге болуға тағайындап, оларды уағыз айтуға жібермекші де еді. 15 Сондай-ақ оларға ауруларды жазуға жэне жындарды қуып шығаруға билік берді. 16 Ол тағайындаған кісілер мыналар: Ол Петр деп атаған Симон, 17 Ол Боанергес (яғни, «күркіреген күн балалары») деп атаған Зебедей үлдары Жақып пен Жохан, 18 Андрей, Піліп, Бартоломей, Матай, Тома, Алпей үлы Жақып, Тадей, Қананит Шимон 19 және кейін Исаға опасыздық жасаған Иуда Исқариот. 20 Содан кейін олар бір үйге түсті. Онда халықтың тағы да көп жиналғандығы соншалық, олардың тамақтануға да мүмкіншілігі болмай қалды. 21 Оның туысқандары мүны естіп: — Есі шығып кетіпті, — деп, Оны үстап алу үшін шыкты.

Қудайдың Рухына қарсы турмау туралы ескерту

22 Ал Иерусалимнен келген діни мүғалімдер: — Онда белзебүл-шайтан бар. Жындардың бастығының күшімен жындарды шығарып тастап жүр, — десті. 23 Иса діни мүғалімдерді шақырып алып, оларға мысалдар келтіріп былай деді: — Шайтан шайтанды қалай шығарып тастай алады? 24Егер бір патшалық өз ішінен бөлініп, өзімен-өзі үрысып түрса, ол патшалық шыдай алмай жойылып кетер. 23 Егер бір үй де өз ішінен бөлініп, өзімен-өзі үрысып түрса, ол үй [берекесі болмай] қүрып жоғалар. 26 Егер шайтан да-өзіне қарсы шық-қан болып ішінен бөлінсе, онда ол шыдап түра алмас, бірақ оның қүритын уақытының жеткені болады. 27 Ал ешкім де бір мықтының үйіне кіріп, әуелі мықтыны байлап тастамай оның мүлкін тартып әкете алмас. Оны жеңіп байласа, сонда оның мүлкін тартып экете алады. 28 Сендерге шын айтып түрмын: адам балаларының күнэлары мен қорлаулары, кандайлары болса да, барлығы кешіріледі, 29 бірақ Киелі Рухты қорлап түрғанға ешкашан да кешірім болмас, ол мэңгі күнэлы болады. 30 [Бүл сөздерді Иса адамдардың] «Оның жыны бар» дегендіктерінен [айтты].

Исаның шын мэндегі туысқандары

31 Сонда Исаның шешесі мен інілері келді; олар үй сыртында түрып, Оған жіберіп Оны шақыртты. 32 Оның айналасында отырған кісілер Исаға: — Сенің шешең мен іні-қарындастарың үйдің сыртында Сені шақырып түр, — деді. 33 Иса оларға жауап қайырып: — Менің шешем кім, інілерім кімдер? — деді де, 34 айналасында отырғандарға қарап: — Міне, Менің шешем мен інілерім! 35 Өйткені кім Қүдайдың еркін қылса, Менің інім де, қарындасым да, шешем де — сол, — деді.

Себілген туқым туралы мысал

4:1 Иса көл жағасында тағы да кісілерді үйрете бастады. Олар Оның төңірегіне көп жиналғандықтан, Ол көлдегі бір қайыққа мініп отырды, барлык жүрт та көлдің жағасындағы жерде еді. 2 Иса оларға мысалдап көп тэлім бергенде былай деп сөйледі: 3 — Тыңдаңдар: бір егінші түқым себуге шықты. 4 Ол сепкенде түқымдардың кейбіреулері жол бойына түсті де, қүстар келіп оларды жеп қойды. 5 Кейбіреулері тастаққа түсіп, топырағы жүқа болғандықтан дереу көктеп шықты. 6 Бірақ күн шық қан соң солып, тамырлана алмағандықтан қурап қалды. 7 Кейбіреулері тікендер арасына түсті; тікендер өскен соң оларды түншықтырды, сөйтіп олар жеміс бермеді. 8 Ал кейбіреулері кұнарлы жерге түсті де, толысып өсіп, біреуі отыз еседен, біреуі алпыс еседен, біреуі жүз еседен жеміс берді. — 9 Және Иса оларға: — Естуге қүлағы бар кісі естісін! — деді.

Қудайдың Сөзін ашық көңілмен тыңдап тілін алу керек

10 Халық тараған соң, он екі шэкірті мен төңірегіндегілер Исадан мысал жайында сүрады. 11 Ол оларға былай деп айтты: — Қүдайдың Патшалығы туралы сырларды білу [хүқығы] сендерге берілген, ал сол сырттағыларға бәрі мысалдап түсіндіріледі. 12 Сөйтіп, Олар көздерімен қараса да көрмесін, Қүлақтарымен тыңдаса да түсінбесін; Осылайша, олар теріс жолдарынан қайтпасын, Олардың күнэлары кешірілмесін. 13 Жэне оларға былай деді: — Сендер бұл мысалды түсінбей түрсыңдар ма? Онда басқа мысалдардың бэрін қалай түсінбекшісіндер? 14 Түқым себуші [Ізгі хабардың] Сөзін себеді. 15 Ал жол бойына себілген түқым мынаны білдіреді: кісілердің көңілдеріне Сөз себілгещ бірақ олар естіген соң дереу шайтан келіп, себілген Сөзді тартып алып кетеді. 16 Сол сияқты, тастаққа себілгені мүндай оқиғаны білдіреді: кісілер Сөзді естіген бойда оны дереу қуанышпен қабыл алады; 17 бірақ олар тамыр жаймағандықтан түрақсыз болады. Сөз үшін оларға азап шегуге немесе сүргінделуге үшырауға тура келгенде олар дереу сенбей қалып, теріс жолға түседі. 18 Тікендер арасына себілгені болса, мынаны білдіреді: кісілер Сөзді тындайды, 19 бірақ бүл дүниедегі түрмысының қамын жеп абыржулары да, байлыққа алданулары да, өзге нэпсілер де бойларына сіңіп, Сөзді түншықтырады; сөйтіп олар жеміс бермейді. 20 Ал қүнарлы жерге себілгені болса, мынаны білдіреді: кісілер Сөзді тыңдап қабыл етіп, кейбіреуі отыз еседен, кейбіреуі алпыс еседен, кейбіреуі жүз еседен жеміс береді. 21 Сонда Иса оларға сүрақ қойып: — Шам-шырақты ыдыстың немесе төсектің астына қоюға экеле ме? Оны шам қойғышқа қоюға экелмей ме? — деді. 22 — Өйткені білінбей қалатын ешбір сыр да жоқ, жарыққа шығып аян болмайтын еш қүпиялық та жоқ. 23 Естуге қүлағы бар кісі естісін! 24 Оларға тағы былай деп сөйледі: — Не тыңдағандарыңа көңіл бөліндер! Қандай өлшеммен өлшесеңдер, өздеріңе де сондай өлшеммен өлшенеді, [Сөзді тыңдаушы] сендерге үстеме де беріледі. 25 Өйткені кімде бар болса, оған беріледі, ал кімде жоқ болса, оның бары да онан алынады.

Астық туқымы мен қыша дэні туралы мысалдар: Қудайдың Патшалыгының өзінен-өзі кеңеюі

26 Содан кейін Иса былай деді: — Қүдайдың Патшалығы [мынадай мысалға] үқсайды: Бір кісі жерге түқым шашқан еді. 27 Ол түнде үйыктап, күндіз түрып, түқымның қалай көктеп өскенін білмейді. 28 Өйткені жер өзінен-өзі әуелі көк шөп етіп шығарып, сонсоң оның масағын шығарады, содан кейін масақты дэнге толтырады. 29 Егін толысып піскен соң, оратын уақыты болғандықтан егінші оған орақ салады. 30 [Сөзін жалғастырып] Иса былай деді: — Қүдайдың Патшалығын неге үқсас дейік, оны қандай мысалдармен бейнелейік? 31 Ол қыша дәніне үқсайды. Оны жерге еккенде ол жердегі дәндердің бәрінің де кішкенесі болады. 32 Бірақ егілгеннен кейін ол өсіп, барлық [дэнді] шөптің биігі болып шығып, кең жайлы бүтақты болғандықтан оның көлеңкесіне көктегі қүстар қонақтай алады. 33 Иса осындай көп сөздерді уағыздап, кісілердіц тыңдай алғандарынша сөйледі. З4 Оларға мысалсыз еш нәрсе сөйлемеді, ал өз шәкірттеріне оңашада барлығын түсіндірді.

Исаның дауылды тоңтатуы

35 Сол күннің кешінде Иса оларға: — Көлдің арғы жағына өтейік, — деді. 36 Олар халықты қалдырып, Оны қайықта отырған күйінде өздерімен бірге алып жүрді. Басқа қайықтар да Оған ілесті. 37 Сол кезде күшті дауыл көтеріліп, толқындар қайықты соққылап суға толтыра бастады. 38 Ал Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып үйықтап жатты. Шэкірттері Оны оятып: — Ұстаз, біз өлетін болдық қой, оның қамын ойламайсың ба? — деді. 39 Ол түрып, желге тиым салып, көлге: — Тын, басыл! — деп [бүйырды]. Сол сэтте жел саябырланып, тым-тырыс тыныштық болды. 40 Жэне Ол оларға: — Сендер неліктен мүншама қорқасыңдар? Сендер-дің сенімдеріңнің болмайтыны [қалай]? — деді. 41 Олар қатты қорқып, бір-біріне: — Жел де, көл де Оған бағынатын Бүл кім екен? — десті.

Жын соққан кісінің босатылуы

5:1 Содан соң олар көлдің арғы бетіндегі Ғадара аймағына келді. 2 Иса қайықтан шығысымен, Оған [үңгір] бейіттерінен шығып келе жатқан, жын соққан бір кісі кезікті. 3 Ол [үңгір] бейіттерінде мекендейтін; оны тіпті шынжырлап тастаумен ешкім де үстап түра алмайтын. 4 Өйткені оны элденеше рет шынжырлап бүғаулаған болса да, ол эрдайым шынжырды үзіп, бүғауды сындырып босанып, оны жуасытуға ешкімнің эһі жетпеген. 5 Ол күндіз-түні бейіттердің арасында жэне тауларда айқай салып, өзін-өзі таспен үрып жарақаттанып жүретін. 6 Ол Исаны алыстан көрісімен жүгіріп келіп, Оған тізесін бүгіп табынды да,7 қатты дауыстап: — Қүдай Тағаланың Үлы Иса, Сенің менде не жүмысың бар? Қүдай үшін Саған жалбарынамын: мені азаптама! — деп айқайлады. 8 Өйткені Иса оған: — Арам жын, бұл кісіден шық! — деген еді. 9 Содан соң Иса одан: — Атың кім? — деп сүрады. Ол жауап қайырып: — Біздің көп болғандығымыздан мені «үлкен топ» деп атайды, — деді 10 жэне Оған: — Бүл арадан бізді шығарып тастама, — деп көп жалбарынды. 11 Сол жердегі таудың беткейінде үлкен бір қора шошқа жайылып жүрген еді. 12 Жындардың бэрі Исадан: — Бізді шошқалардың арасына жіберсейші, біз олардың ішіне кірейік, — деп өтінді. 13 Иса оларға рүқсат етті. Жындар шығып, шошқалардың ішіне кіріп, екі мыңдай қора тік жағадан көлге қарғып суға батып кетті. 14 Шошқа бақташылары қашып, ол туралы хабарды қала мен ауылдарға жеткізді. Түрғындары не болғандығын көру үшін шыгып, 15 Исаға келгенде, бүрын «үлкен жын тобы» соққан кісінің енді киініп, ақыл-есі кіріп, сол жерде отырғанын көрді де, аң-таң қалып қатты шошынды. 16 Оқиғаны көзімен көрген-дер оларға жын соккан адамға не болғандығын айтып берді, шошқаларға не болғандығын да баяндап берді. 17 Сонда олар Исадан: — Біздің өлкемізден шығып кет, — деп өтіне бастады. 18 Иса қайыкка мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: — Сенімен бірге болайын, — деп өтінді.19 Бірақ Иса оған рүқсат бермей: — Сен үйіңе қайтып, өзіңнің жақын-туысқандарыңа Тәңірдің саған не істегенін, Оның саған қылған қайырымын айтып бер, — деді. 20 Ол кісі сол жерден кетіп, Он-Қала деген өлкеде Исаның оған не істегенін хабарлай бастады. Естігендердің бэрі таңданып қайран калды.

Исаның ауруеа және өлімге деген устемдігі

21 Иса қайықпен көлдің арғы жағына қайтып өткен-нен соң Оның қасына көп халық жиналды. Ол көлдің жағасында болғанда, 22 мәжілісхана басшыларының бірі болған, Иаир атты біреу келді. Ол Исаны көріп, аяғына жығылды да: 23 — Менің қызым өлім үстінде жатыр; Сен барып, оның жазылып тірі қалуы үшін оған қолыңды тигізсейші, — деп өтінді. 24 Иса онымен бірге барды. Оның артынан көптеген халық еріп, Оны сығыстырып жүрді. 25 Сонда он екі жыл бойы қансыраумен ауырған бір эйел бар еді. 26 Ол көп дәрігерден [емделіп] талай азап шеккен жэне барлық мүлкін жүмсаған болса да, еш сауықпаған, керісінше бүрынғысынан да нашарлады. 27 Ол Иса жайындағы хабарларды естіп, жүрттың арасымен Оған жақындап келді де, Оның киіміне қолын тигізді. 28 Өйткені ол өзіне-өзі: «Оның киіміне ғана қолымды тигізсем, жазыламын» деген еді. 29 Сол сэтте-ақ оның қансырауы тоқтап, ол науқасынан жазылғандығын денесімен сезді. 30 Иса болса, Өзінен бір [сауықтыру] қуатының шыққандығын дереу сезіп, халыққа бүрылып: — Менің киіміме кім қолын тигізді? — деп сүрады. 31 Сонда Оның шәкірттері Оған: — Халықтың Сені сығыстырып келе жатқандығын көріп, Сен Маған кім қолын тигізді деп қалай сүрайсың? — деді. 32 Бірақ Ол, мүны істеген әйелді көру үшін төңіре-гіне қарады. 33 Өзіне не болғанын білген эйел қорқып қалтырап кетті де, Оның алдына келіп жығылды да, барлық шындықты айтып берді. 34 Иса оған үн қатып: — Қызым, сені сенімің қүтқарды. Амандықпен қайта бер, [бүдан былай] дертіңнен сауығасың! — деді. 35 Ол мүны айтып түрған кезде мэжілісхана басшысының үйінен біреулер келіп: — Қызың өліп қалды. Енді Үстазды неге эурелеп түрсың? — деді. 36 Бірақ бұл хабарды естіген Иса дереу мэжілісхана басшысына: — Қорықпа, тек сенімің болсын, — деді. 37 Петрден, Жақыптан жэне Жақыптың інісі Жоханнан басқа ешкімнің Өзіне еруіне рұқсат етпеді. 38 Олар мэжілісхана басшысының үйіне келгенде, Ол онда дауыс қылып, зар жылап түрған кісілерді көрді. 39 Иса үйге кіріп, оларға: — Сендер неге дауыс қылып жылап түрсыңдар? Қыз өлген жоқ, үйықтап жатыр ғой, — деді. 40 Олар Оны келеке етті. Бірақ Ол олардың бэрін шығарды да, қыздың әке-шешесін жэне Өзімен бірге болғандарды қасына ертіп алып, қыз жатқан жерге енді. 41 Оны қолынан үстап түрып, оған [өз тілінде]: — Талифа-куми, — деді. (Бүл сөздің аудармасы: Қызым, саған түрегелші деймін.) 42 Он екі жаста болған қыз сол сәтте-ақ түрегеліп жүре бастады. Мүны көріп түрғандар өте таңданып қайран қалды. 43 Иса оларға бүл жайында басқалардың білуіне тиым салып, қызға тамак беруді бүйырды.

Назареттіктердің Исага сенбеуі

6:1 Ол жерден шыққаннан соң, Иса Өзінің өскен қаласына келді; шэкірттері де Оған еріп келген еді. 2 [Діни] демалыс күні Иса мэжілісханада үйрете бастады; онда көп кісілер тыңдап таң қалысып: — Бұл [тәлім] Оған қайдан пайда болған? — деп сұрасты. — Ал енді Оған қандай даналық берілген? Соншалық кереметтер Оның қолынан қалай келеді? 3 Ол — балташы, емес пе? Мәриямның үлы, Жақып, Жосия, Иуда жэне Шимондардың ағасы, емес пе? Оның қарындастары осы жерде, біздің арамызда түр ғой, — десіп, [Оны күндеп] Оған ызаланды да сенбей қалды. 4 Бірақ Иса оларға: — Пайғамбар [барлық жерде] құрметтенер, тек өз елінде, туыстарының арасында жэне өз үйінде қүрметсіз болар, — деді. 5 Сол жерде Ол бірнеше ауру кісіге қолын тигізіп сауықтырды, ал одан басқа кереметтерді жасай алмады 6 жэне олардың сенбеу шіліктеріне таң қалды.

Исаның он екі елшісіне тапсырма беруі

Сонан соң Ол сол өңірдегі ауылдарды аралап, кісілерді үйретіп жүрді. 7 Он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға жындарды шығарып тастауға билік беріп, оларды екі-екіден жібере бастады. 8 Оларға: — Жолға жалғыз таяқтан басқа ештеңе алмаңдар; нан да, дорба да, белдіктеріңнің кіселерінде ақша да болмасын, — деп тапсырып, 9 қараіпайым аяқ киім киюлерін жэне артық киім алмауларын бұйырды. 10 — Бірер жерде қай үйге кірсеңдер, ол жерден кеткенше сол үйде түрыңдар, — деп сөзін жалғастырды. 11 — Егер бір жерде сендерді қабылдамаса және сендерге құлақ салмаса, сол жерден шығып, оларға куэлік болсын деп аяқтарыңдағы шаң-тозаңды сол жерге қағыңдар! [Сендерге шын айтып тұрмын: қиямет-сот күнінде Содом мен Ғомора елінің кінэсы сол қаланың кінэсынан жеңілірек жазаланады.] 12 Олар елге шығып, теріс жолдарынан қайтып Құдайдың жолына түсуді уағыздап жүрді. 13 Көп жындарды адамдардан шығарып тастап, көп ауруларды маймен сылап жазды.

Жақия пайгамбардың өлтірілуі

14 Патша Ирод [Иса жайындағы хабарды] естіді, өйткені Оның даңқы жайылып кеткен еді. [Кейбіреулер]: — Бүл — өлімнен қайта тірілген Шомылдырушы Жақия; оның кереметтер жасауы да сондықтан ғой, — десе,15 басқалар: — Ол — Ілияс, — деді, ал тағы басқалар: — Ол — пайғамбар, [ежелгі] пай амбарларға үқсаған біреу, — деді. 16 Ирод мүны естіп: — Мен басын кестірген Жақияның өзі өлімнен қайта тіріліпті, — деді. 17 Өйткені осы Ирод е-н бірге туысқан Піліптің жүбайы Иродияданы [онан тартып алып] өзіне эйел етіп, ол үшін кісі жіберіп, Жақияны үстап алып, байлап абақтыға салған еді. 18 Себебі — Жақия Иродқа: «Туысқаныңның жүбайын тартып, эйел етіп алуың [Киелі] заңға қарсы» деген еді. 19 Иродияда болса, Жақияға кек сақтап жүріп, оны өлтірмекші болатын, бірақ ол оның қолынан келмей жүрді. 20 Өйткені Ирод, Жакияның эділ, киелі адам екендігін білгендіктен онан қорқып, оны қорғайтын; оны тыңдаған сайын көп нэрсені [оның айтқанынша] істеп жүрді жэне оны сүйсініп тыңдайтын еді. 21 Бір күні Иродияда үшін бір қолайлы жағдай пайда болды; Ирод өзінің туған күнінде өз үлкендеріне, қолбасшыларына жэне Ғалилеяның көрнекті кісілері-не үлкен той жасап берді. 22 Сонда Иродияданың қызы келіп, би билеп Иродтың өзіне де, қонақтарына да өте үнады. Патша қызға: — Менен не тілесең де, соны сүра, мен тілегеніңці беремін, — деді. 23 Қызға тіпті ант етіп: — Не тілесең де, сүра, патшалығымның жартысы болса да беремін, — деді. 24 Қыз шығып анасына: — Не сүрайын? — деді. Анасы оған: — Шомылдырушы Жақияның басын сүра! — деді. 25 Ол сол бойда-ақ асығып патшаға келіп: — Маған қазір Шомылдырушы Жақияның басын табаққа салып беруіңді тілеймін, — деді. 26 Патша өте қайғыланды; алайда ант еткендігінен жэне өзімен бірге отырған конактарының [алдында ұятқа қалмау] үшін қыздың тілегін кері қайтарғысы келмеді. 27 Көп кешікпей бір күзетшісін жіберіп, Жақияның басын экелуін бүйырды. 28 Ол барып, абақтыда Жақияның басын кесіп табаққа салып экеліп қызға берді, қыз оны анасына апарып берді. 29 Жақияның шэкірттері мүны естіп келді де, оның сүйегін алып барып қабірге қойды.

Исаның бес мың адамды тойеызуы

30 Иса жіберген елшілер [қайтып келіп], қасына жиналып өздерінің барлық істегендері мен үйреткендерін Оған баяндады. 31 Иса оларға: — Сендер жалғыз өздерің Менімен бірге елсіз бір жерге барып, азырақ тынығып алыңдар, — деді. Өйткені келім-кетім өте көп болғандықтан оларға тамақтану үшін де уақыт жетіспеді. З2 Олар жалғыз өздері қайыққа отырып, елсіз бір жерге жүріп кетті. 33 Ал жүрт олардың кетіп бара жатқандығын көріп қалды. Көбі оларды танып, барлық қалалардан жаяу шығып, ол жерге жүгірді де, олардан бүрын жетіп [Оның жанына жиналды]. 34 Иса келіп жағаға шыққанда көптеген халықты көрді де, олардың бақташысыз қойларға ұқсағандығынан оларға жаны ашыды; жэне оларға көп нэрсені үйрете бастады. 35 Күн кеш болғанда Оның шэкірттері қасына келіп: — Бүл — бір құлазыған жер, күн де кеш болды. 36 Оларды таратып жіберсейші, төңіректегі ауыл-қыстақтарға барып өздеріне нан сатып алсын, [өйткені олардың жейтін түгі де жоқ,] — деді. 37 Бірақ Иса шәкірттеріне: — Сендер оларға тамақ беріңдер, — деп жауап берді. Шэкірттері Оған: — Екі жүз сомға нан сатып экеліп, оларды тамақтандырайық па? — деді. 38 Иса оларға: — Сендердің қанша нандарың бар? Барып қараңдар! — деді. Олар Оған: — Бес нан мен екі балық бар, — деді. 39 Содан кейін Ол жұртты көк шөптің үстіне топтопқа бөліп отырғызуды тапсырды. 40 Сонда олар топтарға бөлініп жүзден, елуден болып отырды. 41 Ол бес нан мен екі балықты алып, аспанға қарап түрып бата берді. Нандарды сындырып жүртқа тарату үшін шэкірттеріне берді, екі балықты да бэріне үлестірді. 42 Бэрі жеп тойды. 43 Нан бөлшектері мен балықтан артылғанын жинап алып, он екі дорба толтырды. 44 Ал нандарды жегендер бес мыңдай ер адам еді.

Исаның судың устімен журуі

45 Иса дереу шэкірттеріне, Өзі жүртты тарқатып жібергеніне шейін, қайыққа мініп Өзінен бүрын арғы беттегі Бетсайда жағына өтуін бүйырды. 46 Өзі жұртпен қоштасқаннан соң дүға етуге тауға шықты. 47 Күн кешке айналғанда қайық көлдің ортасына жеткен еді; Иса Өзі құрғақ жерде жалғыз тұрды. 48 Жел алдан соғып жатқандықтан олардың әуреленіп есіп жүргендіктерін көрді. Түннің төртінші күзетінде Иса көлдің үстімен жаяу жүріп олардың қасына барды да, өткенсіп кетті. 49 Олар көлдің үстімен жаяу жүрген Оны байқап қалып, «Бүл — елес!» деп ойлады да, шыңғырып жіберді. 50 Өйткені бэрі Оны көріп қатты шошынып қалды. Ал Иса дереу оларға үн қатып: — Жігерленіңдер, бүл Менмін ғой; қорықпаңдар! — деді. 51 Олардың қайығына мінді, сол кезде жел тына қалды. Олар аса таңданып қайран қалысты.52 Өйткені олар шын көнілмен сенбегендіктен нанмен [байланысты кереметті] жете түсінбеген еді.

Исаның Генесаретте науқастарды жазуы

53 Олар көлдің арғы жағасына өтіп, Генесарет қаласының жағалауына келіп тоқтады. 54 Олар қайықтан түсіп жағаға шыққан бойда-ақ [түрғындар] Оны танып қалды да, 55 бүкіл төңірекке жүгірісіп, Оның түрған орындарын естіп, науқастарды төсеқтерімен көтеріп сонда экеле бастады. 56 Ол қайда келсе де, қай ауылға, қай қалаға, қай қыстаққа барса да, олар науқастарды экеліп ашық жерге салды жэне Исадан тек киімінің шетіне ғана қолдарын тигізуге рүқсат сүрады. Қол тигізгендердің бэрі де жазылып кетті.

Адамдарды арамдайтын — не?

7:1 Парызшылдар және Иерусалимнен келген кейбір діни мүғалімдер Исаның қасына келіп жиналды. 2 Олар Оның шэкірттерінің бірсыпырасы арам (яғни, жумаған) қолдарымен нан жегендерін көріп, оларды кінэлады. 3 (Өйткені парызшылдар, тіпті иудейлердің бэрі, ата-бабаларынан қалған салт-дэстүрлеріне сай қол жуу ырымдарын орындамастан тамақ ішпейтін. 4 Базардан қайтып келгеннен кейін олар суға түсу ырымын орындамастан асқа отырмайтын да. Сондай-ақ ыдыс-аяқтар, қүмыралар, қазандар [мен орындықтарды] суға малып жуу сияқты көп санды өзге дэстүрлі ырымдарын да берік сақтауға өз міндеттеріне алған.) 5 Сондықтан парызшылдар мен діни мүғалімдер Исаға сүрақ қойып: — Сенің шэкірттерің неге ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлерді сақтамай, арам қолдарымен нан жейді? — деді. 6 Иса оларға жауап беріп: — Ишая пайгамбардың екі жүзді сендер туралы апдын ала айтканы дүрыс: «Осы халық ауыздарымен Мені сыйлап, Бірак көңілдері түр Менен алыс болып. 7 Адам ойынан шықкан парыздарға үйретіп, Олар тек босқа түр Мені қүрметтеп.» 8 Өйткені сендер Қүдай бүйырған парыздарды қалдырып, [қүмыралар мен ыдыс-аяқтарды жуу сияқты,] адам ойынан шыққан дәстүрлерді сақтап [жэне басқа да сондай бос істерді көп істеп] жүрсіңдер, — деді. 9 Оларға тағы былай деді: — Өз дэстүрлеріңді сақтау үшін Қүдай бүйырған парыздарды бекер қылғандарың жақсы ма? 10 Өйткені Мүса [пайғамбар]: «Сен ата-анаңды сыйла!» жэне де: «Кімде-кім атасын немесе анасын жамандаса, ол өлтірілсін!» деген-ді. 11 Алайда өздерің былай дейсіңдер: Біреу атасына немесе анасына: «Сенің менен пайдаланғаныңды қүрбан етемін» (яғни, Қүдайдың жолына бағыштап беремін) десе, 12 онда оның өз атасы немесе анасына еш жэрдем бермеуін жақтайсыңдар. 13 Сөйтіп, сендер өздеріңнің дэстүрлеріңмен Қүдайдың Сөзін бекер қылдыңдар. Тағы сол сияқты көп істерді істеп жүрсіңдер, — деді. 14 Сонан соң Иса жүрттың бэрін шақырып алып, ^оларға былай деп айтты: — Барлығың тыңдап түсініп алыңдар: 15 сырттан адамның ішіне кірген еш нэрсе адамды арамдай алмас, адамның өзінен шығатыны адамды арамдайды. 16 [Естуге қүлағы бар кісі естісін!] 17 Ол жүрттың қасынан кетіп үйге кіргенде, шэкірт-тері Одан келтірген мысалының мэнін сүрады. 18 Ол оларға: — Әлде сендер де сондай түсініксізсіңдер ме? Сырттан, адамның аузынан кіргеннің бэрінің оны арамдай алмайтындығын түсінбейсіңдер ме? 19 Өйткені ол көңілге емес, қарынға барып, одан сыртқа шығарылады, — деді. Сонымен Ол эрқандай асты адал деп түсіндірді. 20 Жэне Ол тағы сөйлеп: — Адамның көнілінен шыққандары адамды арамдайды. 21 Өйткені іштен — адамның көңілінен мыналар шығады: жамандықты ойлау, неке адалдығын бұзу, нәпсіқұмар болу, кісі өлтіру, 22 үрлық істеу, ашкөздік, қастық, зүлымдық, азғындық, күншілдік, [Құдайды] қорлау, тәкаппарлық, алаңғасарлық. 23 Осындай жамандықтардың бэрі іштен шығып, адамды арамдайды, — деді.

Шетелдік эйелдің сенімі

24 Сонан кейін Иса сол маңайдан шығып, Тир [мен Сидон] өлкесіне барды. Ешкімге Өзін танытқысы келмей, бір үйге кірді. Алайда Ол жасырына алмады. 25-26 Өйткені Оның келгендігін естіген бір эйел келіп, Исаның аяғына жығылды. Ол эйел иудей халқынан емес, [бүтқа табынатын] Сирофиникия елінен еді. Ал оның жын соққан қызы болатын. Эйел Исадан, қызының жынын шығарып тастауын жалынып өтінді. 27 Ал Иса оған: — Ең алдымен балаларды тойындыру керек; балалардың нанын алып иттерге тастау дүрыс емес, — деді. 28 Әйел: — Қожа, иә, солай ғой. Ал иттер де үстел астында балалардан қалған нан киқымдарын жейді ғой, — деді. 29 Сонда Иса оған: — Осы сөзің [жақсы, сол] үшін үйіңе қайтып бар; жын қызыңнан шығып кетті, — деді. 30 Әйел үйіне қайтып келгенде қызының жыннан арылып, төсекте тынығып жатқандығын көрді.

Саңырау, тілі мукіс кісінің сауықтырылуы

31 Содан соң Иса Тир мен Сидон өлкесінен қайтып келіп, Ғалилея көліне, Он-Қала өлкесінің ортасына барды. 32Сонда Оған бір саңырау, тілі мүкіс кісіні әкеліп Онан, оның үстіне колын қойып, [оны сауыктыруды] өтінді. 33 Иса оны жүрттан шеткерек шығарып, оның екі қүлағына өз саусақтарын тықты. Сонсоң жерге түкірді де, өз қолын кісіьің тіліне тигізді. 34 Аспанға қарады да, күрсініп кісіге [өз тілінде]: — Еффата! — деп айтты. (Мүның аудармасы — «Ашыл!») 35 Сол сэтте-ақ қүлақтары ашылып, тілінің байлануы шешіліп, сол кісі жай адамдай сөйлей бастады. 36 Иса оларға бүл жайында ешкімге айтпауларын тапсырды. Бірақ Ол қаншама қатты тыйым салса да, олар хабарды кеңінен тарата бастады. 37 Жэне өте таңданысып: — Ол бәрін тамаша жақсы етіп түр: тіпті саңырауларды еститін, мылқауларды сөйлейтін қылады! — деп қайран қалысты.

Исаның төрт мың адамды тойеыза тамақтандыруы

8:1 Сол күндері тағы көптеген жүрт жиналып, олардың жейтін ешқандай азықтары болмады. Иса шэкірттерін қасына шақырып алып, оларға: 2 — Жүртқа жаным ашыды. Олар енді үш күннен бері қасымда болып, жейтін ешқандай азықтары қалмады. 3 Егер оларды аш күйінде үйлеріне жіберсем, олар жолда элсіреп қалар; олардың бірсыпырасы алыс жерден келгендер ғой, — деді. 4 Шэкірттері: — Мына елсіз далада оларды тойғызарлық нан қайдан табылады? — деп Оған жауап берді. 5 Ол: — Неше нандарың бар? — деп сүрады. Олар: — Жетеу, — деді. 6 Сонда Ол жүртқа жерге отыруды бүйырды. Жеті нанды алып, Қүдайға шүкірлік етті; оларды кісілерге тарату үшін бөлшектеп, шәкірттеріне берді, олар жүртқа үлестіріп берді. 7 Олардың бірнеше шабақ балықтары да бар еді. Ол бата беріп, оларды да жүртқа үлестіртті. 8 Жүрт жеп тойды. Артылған бөлшектерді жинап алып, жеті дорба толтырды. 9 Ал жеген адамдардын саны төрт мыңдай еді. Содан соң Ол жүртты тарқатып жіберіп, 10 Өзі шэкірттерімен бірге кешікпей каяыққа мінді.

Исаны Қудай жібергендігін дэлелдейтін бір керемет туралы талап

Олар Далманута ауданына келді. 11 Сонда парызшылдар қарсы шығып, Онымен айтыса бастады. Аспаннан болған бір кереметті көрсет деп талап етіп, Оны сынамақшы болды. 12 Иса терең күрсініп, оларға: — Бүл үрпақ керемет көрсетуімді неге талап етеді? Сендерге шын айтып түрмын: бүл үрпаққа ешқандай керемет көрсетілмейді, — деді. 13 Сонан соң оларды тастап қайыққа қайтадан отырды да, көлдің арғы бетіне жүріп кетті.

Жалган ілімдерден сақтаныңдар, Исаның қудіретті кушіне сеніңдер

14 Шэкірттері нан алуды үмытып кеткен еді, қайықта өздерінің жанында бір ғана нан бар еді. 15 Ал Иса оларға: — Абайлаңдар, парызшылдардың және Иродтың ашытқыларынан сақтаныңцар! — деп ескертті. 16 Олар өзара акылдасып: — Бүл, нанымыздың жоктығын айтқаны ғой, — десті. 17 Иса мүны біле қойды да, оларға: — Сендер нанымыз жоқ деп неге ақылдасып отырсыңдар? Элі де [істегенімді] аңғармайсыңдар ма, [мэнісін] түсінбейсіңдер ме? Әлі де қиқарланып сенбейсіңдер ме? 18 Көздерің бар болып көрмейсіңдер ме? Құлақтарың бар болып естімейсіңдер ме? Мыналарды ескермедіңдер ме: 19 Мен бес нанды бес мың кісіге бөліп бергенімде, артылған бөлшектерді жинап алып қанша дорба толтырдындар? — деді. Олар Оған: — Он екі, — деді. 20 — Мен жеті нанды да төрт мың кісіге бөліп бергенімде, артылған бөлшектерді жинап алып қанша дорба толтырдыңдар? — Олар: — Жетеу, — деді. 21 Сонда Иса: — Әлі де түсінбедіндер ме? — деп сұрады.

Соқыр кісінің жазылуы

22 Олар Бетсайда қаласына келді. [Ондағылар] Исаға бір соқыр кісіні экеліп, оған қолын тигізуін өтінді. 23 Иса соқырды қолынан ұстап, ауылдан жетелеп шықты да, көзіне түкіріп, басына қолын қойып: — Көзің бірдеме көре ме? — деп сүрады. 24 Ол қарап түрып: — Жүріп бара жатқан кісілерді көріп түрмын, олар ағаштар сияқты көрінеді, — деді. 25 Сонан соң Иса тағы да көзіне қолын тигізіп: — Қара, — деді. Көздері ашылып, бәрін анық көрді. 26 Иса оны үйіне қайтарып жіберіп: — Мына ауылға кірме, [ауылдан келген ешкімге де жазылғаныңды айтып берме,] — деді.

Иса — шынында Кім?

27 Содан кейін Иса шәкірттерімен бірге Піліп-Кесариясы деген қаланың аймағындағы ауылдарға кетті. Жолда Ол шәкірттерінен: — Адамдар Мені кім деп айтады екен? — деп сүрады. 28 Олар Оған жауап беріп: — [Кейбіреулері] Шомылдырушы Жақия, кейбіреулері Ілияс [пайғамбар], ал енді кейбіреулері [өзге ежелде өмір сүріп, қайта тірілген] пайғамбарлардың бірі деседі, — деді. 29 Иса олардан: — Ал сендер Мені кім деп айтасыңдар? — деп сүрады. Петр Оған жауап беріп: — Сен — Христоссың, — деді. 30 Ал Иса оларға Өзінің Сол екендігін ешкімге де айтпауларын қатты ескертті.

Исаның Өзінің өліп, тірілетіндігін алдын ала білдіруі

31 Сонда Ол оларға [Өзі туралы] үйрете бастап: — Адам Ұлының көп азап шегуі, бастықтар, бас діни қызметкерлер және діни мүғалімдер жағынан қабылданбай тасталып, өлтірілуі, бірақ үшінші күні қайта тірілуі тиісті болады, — деді. 32 Бүл сөздерін Ол ашық сөйлеген еді. Ал Петр болса, Оны шетке шақырып алып, қарсы сөйлей бастады. 33 Иса бүрылып, шәкірттеріне қара-ды да, Петрге тыйым салып: — Менен аулақ кет, шайтан! Өйткені сен Қүдайдың мүратын емес, адамның тілегін ойлап түрсың, — деді.

Өз еркінше өмір суруді тастап, Исага еру

34 Халықты және Өзінің шэкірттерін қасына шақырып алып, оларға былай деп айтты: — Кім Маған [шэкірт болып] ергісі келсе, ол өздігінен танып [өз еркінше өмір сүруді тастасын да], өз айқыш ағашын көтеріп алып [азаптанып өлтірілуге дайын болып], Менің соңыма ілессін. 35 Өйткені кім жанымды сақтаймын десе, оны [мэңгі] жоғалтады; ал кім Маған жэне Ізгі хабарға бола жанын жоғалтса, оны [мәңгі] сақтайды. 36 Адам бүкіл дүниені иемденіп алып, өз жанын берсе, оған одан не пайда? 37 Яки, адам өз жанының қүнын беріп, оны босата ала ма? 38 Мүны біліңдер: осы опасыз, күнэкар үрпақ арасында кім Менен жэне Менің сөздерімнен намыстанса, Адам Үлы да, өз Әкесінің салтанатты үлылығында киелі періштелермен бірге келген кезінде одан намыстанады, — деді.

Шэкірттерінің Исаның патшалық салтанаттылыгын көруі

9:1 Иса оларға: — Сендерге шын айтып түрмын: осында түрғандардың бірсыпырасы Қүдайдың Патшалығының күдіретпен [бүл дүниеге] келуін көрместен бүрын өлмейді, — деді. 2 Бүдан алты күннен кейін Иса Петр, Жакып, Жохандарды қасына алып, бір биік таудың басына соларды ғана ертіп шықты. Сонда олардың алдында Оның түрі өзгерді; 3 Оның киімдері де жарқырап түрып, дүниеде ешбір ағартқыш ағарта алмайтындай, [қардай] аппақ болды. 4 Сол сәтте оларға [ежелде өмір сүрген] Ілияс пен Мүса [пайғамбарлар] көрініп, Исамен сөйлесіп түрды. 5 Сонда Петр Исаға: — Үстаз, біздің бүл жерде болғанымыз жақсы болды. Ал біз үш пана қүрайық, біреуін Саған, біреуін Мүсаға, біреуін Ілиясқа, — деді. 6 (Өйткені ол не айтарын білмеді; себебі, олар қатты шошынған еді.) 7 Сол кезде бір бүлт келіп, оларға көлеңкесін түсірді. Бүлттан: — Бүл — Менің сүйікті Үлым; Оған қүлақ салың-дар! — деген дауыс естілді. 8 Олар кенеттен жанжағына қарап, қастарында Исаның Өзінен баска еш-кімді көрмеді. 9 Ал олар таудан түсіп бара жатқанда Иса оларға, Адам Үлы өлімнен қайта тірілгенше олар бүл көргендерін ешкімге де айтпауларын қатты ескертті. 10 Олар бүл сөзді естеріне сақтап, өлімнен кейін қайта тірілу дегеннің мәнін бір-бірінен сүрасты. 11 Және Исадан: — Діни мүғалімдердің, алдымен Ілияс келуге тиіс деулері қалай? — деп сүрады. 12 Ол оларға: — [Ол дүрыс,] Ілияс алдымен келіп, бэрін қалпына келтіреді. Адам Үлы да [Киелі кітапта] жазылғандай көп азап шегіп, қорлануға тиіс. 13 Ал Менің сендерге айтатыным: Ілияс келген еді, бірақ ол туралы [Киелі кітапта] жазылғандай, олар оған өздерінің қалағандары бойынша істеді, — деп жауап берді.

Жын соққан баланың жынынан арылуы

14 Олар басқа шэкірттерінің қасына келгенде, олардың жандарында жиналған көптеген халықты жэне олармен айтысып түрған діни мүғалімдерді көрді. 15 Халық Оның келгенін көре салып таң қалысты да, қарсы алдына жүгірісіп келіп сәлем берісті. 16 Ол [діни мүғалімдерден]: — Бүлармен не туралы айтысып түрсыңдар? — деп сүрады. 17 Халық арасынан бір кісі жауап қайтарып: — Үстаз, мен Саған өзімнің жын соққан, мылқау үлымды алып келген едім. 18 Жын оны қайда үстаса, сол жерде жығады; оның аузынан көбік шығып, тістерін шықырлатып, сіресіп қатып қалады. Мен Сенің шәкірттеріңнен жынды шығарып тастауларын өтінген едім, бірақ олардың қолдарынан келмеді, — деді. 19 Иса оларға жауап қайырып: — Эй, сенбейтін үрпақ-ай! Қашанға дейін сендермен бірге боламын? Қашанға дейін сендерге төземін? Оны Маған алып келіңцер, — деді. 20 Баланы Оның алдына алып келді. Исаны көрген бойда-ақ жын баланы қалтыратты; жерге қүлап, аузынан көбігі шығып төңбекши берді. 21 Иса оның әкесінен: — Қашаннан бері оған бүндай болды? — деп сүрады. Экесі: — Бала кезінен бері, — деді. 22 — Жын оны өлтірмекші болып, элденеше рет отқа да, суға да салды. Ал, бізді аяп, бізге жәрдем ете гөр, егерде қолыңнан келсе. — 23 Иса оған: — Егерде [сену] қолыңнан келсе: [Қүдайға] сенген кісіге бәрі де мүмкін ғой, — деді. 24 Сол сәтте баланың әкесі [жылап]: — Қожа, мен сенемін; бірак [шын] сенуіме тағы да жэрдем ете гөр, — деп айкайлады. 25 Иса халықтың жүгірісіп жнналғандығын көріп, жынға: — Саңырау, мылқау жын! Мен саған, бүл баладан шығып кетіп, оған ешқашан қайтып жоламауыңды бүйырамын, — деп тыйым салды. 26 Жын шыңғырып, оны қатты қалтыратты да, одан шығып кетті. Бала өлген кісідей сүлық жатты, сондықтан жүрттың көбі: — Мә, ол өліп қалды, — десті. 27 Бірақ Иса оны қолынан үстап түрғызды да, ол орнынан түрды. 28 Иса үйге келгеннен кейін, шәкірттері оңашада Одан: — Біз оны неліктен шығарып тастай алмадық? — деп сүрады. 29 Ол оларға: — Жындардың бүндай түрін тек дүға ету [мен ораза үстау] арқылы ғана шығарып тастауға болады, — деді.

Исаның Өзінің өліп, тірілетіндігін қайтадан білдіруі

30 Олар сол жерден шығып, Ғалилея арқылы жол шекті. Иса мүны ешкімге білдіргісі келмеді, 31 өйткені Ол өз шәкірттерін үйретіп жүрді. Оларға: — Адам Үлы адамдардың қолына үстап беріліп, олар Оны өлтіреді; өлтірілгеннен кейінгі үшінші күні Ол қайта тіріледі, — деді. 32 Бірақ олар бүл сөздің мэнін түсіне алмады, ал Онан сүрауға батылы бармады.

Ең улкені — кім?

33 Сонымен олар Қапарнаум қаласына келіп жетті. Бір үйде Ол: — Сендер жолда өзара не жайында сөйлестіңдер? — деп сұрады. 34 Олар үн қатпады, өйткені олар жолда келе жатқанда өзара: — Арамызда кім үлкен болар екенбіз, — деп айтысқан еді. 35 Отырған Ол он екі шэкіртін шақырып алып: — Кім бірінші болғысы келсе, сол бэрінің ең соңғысы болсын, бэрінің де қызметшісі болсын, — деді. 36 Бір баланы алып, олардың ортасына қойып, қүшақтап: 37 — Кім осындай бір баланы Менің атымнан қарсы алса, ол Мені қарсы алған болады. Кім Мені қарсы алса, Мені емес, Мені Жібергенді қарсы алған болады, — деді. 38 Сонда Жохан: — Ұстаз, біз Сенің атыңмен жындарды шығарып тастаған, бірақ бізге еріп жүрмеген біреуді көрдік. Бізге ермегендіктен біз Оған тыйым салдық, — деді. 39 Иса оларға: — Оған тыйым салмаңдар! Өйткені Менің атыммен керемет істеген біреу жақын арада Мені жамандай алмас. 40 Сендерге қарсы болмаған кісілер сендерге жақтас қой. 41 Сендерге шын айтып түрмын: кім сендерге, Христостың шэкірттері болғандарың үшін бір тостаған су ішкізсе, ол сыйлықсыз қүр қалмас. 42 Ал кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін теріс жолға азғырса, оның мойнына диірмен тасы байланып, ол теңізге тасталса, оған жақсырақ болар еді. 43 Егер сенің қолың сені азғырса, оны кесіп таста. Екі қолмен тозаққа — сөнбес отқа түскеніңнен гөрі сыңар қолмен [мэңгілік] өмірге кіргенің жақсырақ болар ғой. 44 [Тозақта оларды [кеміретін] қүрт өлмейді де, от та сөнбейді.] 45 Егер сенің аяғың сені азғырса оны шауып таста. Екі аяғыңмен тозаққа — сөнбес отқа тасталғаныңнан гөрі ақсақ болып мэңгілік өмірге кіргенің жақсырақ болар ғой. 46 [Тозақта оларды [кеміретін] қүрт өлмейді де, от та сөнбейді.] 47 Егер сенің көзің сені азғырса, оны ойып таста. Екі көзіңмен тозақ отына тасталғаннан гөрі сыңар көзбен Қүдайдың Патшалығына кіру саған жақсы болар ғой. 48 Тозақта оларды [кеміретін] қүрт өлмейді де, от та сөнбейді. 49 Өйткені эрбір кісі отпен түздалынады, [Қүдайға арналған эрбір сыйлық та түзбен түздалынады]. 50 Түз — пайдалы нәрсе. Ал егер түз өз дэмін жэне [бүзылудан сақтау] куатын жоғалтса, оны немен түзды қыласыңдар? Өздеріңде түз болсын: өзара татуласып өмір сүріндер! — деді.

Әйелімен ажырасу жөніндегі сурақ

10:1 Иса сол жерден кетіп, Иудея өлкесіне жэне Иорданның арғы бетіне келді. Тағы да Оның қасына халық жиналып, Ол өз әдетінше оларды үйретіп отырды. 2 Ал парызшылдар келіп, Оны сынамақшы болып Оған: — Еркекке өзінің эйелімен ажырасуға [Киелі заңда] рүқсат берілген бе? — деп сүрақ қойды. 3 Ол жауап беріп: — Мүса [пайғамбар] сендерге не бүйырған? — деді. 4 Олар: — Мүса талақ хат жазып, эйелмен ажырасуға рүқсат берген ғой, — деді.5 Иса жауап қайырып: — Ол, сендердің [Қүдайдың Сөзіне деген] қиқарлықтарыңа бола бүл бүйрықты жазған. 6 Алайда жаратылыстың басында Қүдай адамдарды еркек пен эйел қылып жаратқан. 7 «Сол үшін еркек ата-анасын қалдырып, 8 Өз эйеліне қосылады, Жэне екеуі бір дене болады.» Сөйтіп, олар енді екеу емес, ал — бір дене. 9 Солай болғандықтан, Құдай қосқандарды адам баласы ажыратпасын, — деді. 10 Үйде отырғанда шэкірттері Исаға бүл сөз турасында тағы сұрақ койды. 11 Ол оларға: — Кім өз әйелімен ажырасып басқа әйел алса, әйелімен болған некесінің адалдығын бұзады. 12 Бір әйел өз күйеуінен ажырасып басқа еркекке тисе, онда ол да неке адалдығын бүзады, — деді.

Исаның жас балалареа батасын беруі

13 Кісілер, оларға қолын тигізсін деп Исаға балаларын экелді, бірақ шэкірттері оларға тыйым салды. 14 Мүны байқаған Иса оларға ренжи сөйлеп: — Балалардың Маған келуіне рүксат беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар, Құдайдың Патшалығы сондайлардікі ғой. 15 Сендерге шын айтып түрмын: Кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, ол оған кіре алмас! — деді. 16 Балаларды кұшақтап, бастарына колын қойып, оларға батасын берді.

Байлық және шын өмір

17 Иса жолға шыққанда, алдынан бір кісі жүгіріп келіп, Оған тізесін бүгіп: — Ізгі Үстаз! Мэңгілік өмірді мүра ету үшін не істеуім керек? — деп сүрады. 18 Иса оған: — Сен Мені неге ізгі деп атайсың? Қүдайдан басқа ешкім де ізгі емес. 19 Сен парыздарды білесің ғой, олар: «Неке адалдығын бүзба, кісі өлтірме, үрлық істеме, жалған айтпа, ешкімді жэбірлеме, ата-анаңды сыйла!» деген, — деді. 20 Адам Исаға жауап беріп: — Үстаз, бүлардың бэрін мен жас кезімнен бері сақтап келгенмін, — деді. 21 Иса оған қарап, сүйіспендікпен: — Сенің тағы бір жеткіліксіздігің бар. Барып, иелігіңде не болса барлығын сат та, [ақшасын] жарлыларға үлестіріп бер; сонда сенің байлығың аспанда болады. Содан кейін қайтып келіп, [азаптанып өлтірілуге дайын болып, өз айқыш ағашыңды көтеріп алып] Маған ілесіп жүр, — деді. 22 Бүл сөздерді естіген адам сасып, қайғыланып сол жерден кетті. Өйткені оның байлығы мол еді. 23 Ал Иса төңірегіне қарап, шәкірттеріне: — Байлардың Қүдайдың Патшалығына кіруі қалай да қиын! — деді. 24 Оның сөзіне шәкірттері аң-таң қалысты. Бірақ Иса жауап беріп тағы да оларға: — Балаларым! Байлықтарына сенгендердің Қүдайдың Патшалығына кіруі қалай да қиын! 25 Байдың Қүдайдың Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай, — деді. 26 Олар өте таң қалысып: — Ендеше, кім қүтқарыла алады? — деп өзара сөйлесті. 27 Иса оларға қарап: — Адам баласы үшін бүл мүмкін емес, бірақ Қүдай үшін мүмкін. Өйткені Қүдай үшін барлығы да мүмкін, — деді. 28 Сонда Петр Оған сөйлей бастап: — Мінеки, біз бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрдік, — деді. 29 Иса жауап беріп: — Сендерге шын айтып түрмын: Маған жэне Ізгі хабарға бола өз үйін, я аға-інісін, я апа-қарындасын, я ата-анасын, я әйелін, я балаларын, я жер-суларын тастап шыққан эркім 30 қазір, осы заманда жүз есе артығымен үйлерін де, аға-інілерін де, апа-қарындастарын да, ата-аналарын да, балаларын да, жер-суларын да алады, бірақ кісілерден сүргінделеді, ал келешек заманда мэңгі өмір сүреді. 31 Алайда біріншілердің көбі соңғылар, соңғылардың көбі біріншілер болады, — деді.

Исаның Өзінің өліп, тірілетіндігін ушінші рет білдіруі

32 Олар Иерусалимге өрлейтін жолда бара жатқанда, Иса шэкірттерінің алдында жүрді; ал олар таңырқасып Оның соңынан еріп, зэрелері үшып келе жатты. Ол он екі [елшісін] шақырып алып, Өзінің басына не келетіндігін тағы да оларға айта бастады: 33 — Біз енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Сонда Адам Үлын бас діни қызметкерлер мен діни мүғалімдерге сатып жібереді. Олар Оған өлім жазасын бұйырып, Оны бүтқа табынушыларға ұстап береді. 34 Солар Оны келекелейді, қамшымен сабайды, бетіне түкіреді, ақырында өлтіреді. Ол бірақ үшінші күні қайта тіріледі, — деді.

Ең маңыздысы — билеу емес, ңызмет ету

35 Сонда Зебедейдің балалары Жақып пен Жохан Исаның қасына келіп: — Ұстаз, біз Сенен не сүрасақ, соны істеп беруіңді өтінеміз! — деді. 36 Иса оларға: — Сендер Менен не істеп беруімді тілейсіңдер? — деді. 37 Олар Оған: — Сен үлылыққа шыққан кезінде біріміз оң жағыңа, біріміз сол жағыңа отыруымызға рүқсат етсеңші, — деді. 38 Ал Иса оларға: — Сендер не сұрап тұрғандарыңцы білмейсіңдер. Сендер Менің [азапқа толған] тостағанымнан іше аласыңдар ма? Немесе Менің шомылдырылатынымдай шомылдырыла аласыңдар ма? — деді. 39 Олар: — Олай ете аламыз, — деді. Иса оларға: — Менің тостағанымнан ішесіңдер. Менің шомылдырылатынымдай шомылдырыласыңдар. 40 Бірақ Өзімнің оң жағым мен сол жағыма отырғызу Менің өз еркімде емес. Бірақ [аспандағы Экем] кімдерге арнаған болса, солар отырады, — деді. 41 Мұны естіген [өзге] он [елшісі] Жақып пен Жоханға ызалана бастады. 42 Иса оларды қасына шақырып алып, оларға былай деді: — Халықтарға төрелері үстемдік етіп, мырзалары да билік жүргізетінін білесіңдер ғой. 43 Бірақ сендердің араларыңда олай болмасын. Қайсыларың үлкен болғың келсе, ол сендерге қызметші болсын; 44 қайсыларың бірінші болғың келсе, ол бэріңе қүл болсын. 45 Өйткені Адам Үлы Өзіне қызмет еттіруге келмеді, керісінше — Өзі қызмет етуге жэне көптеген адамдардың бостандық төлемін төлеуге өз жанын беруге келді, — деді.

Соқыр Бартимейдің көздері ашылып, Исаның соңынан еруі

46 Олар Иерихон қаласына келді; Ол шэкірттері жэне көп халықпен бірге Иерихоннан шығып бара жатқанда, Тимейдің баласы — соқыр Бартимей жолдың жағасында қайыр сүрап отыр еді. 47 Ол, бүл келе жатқан назареттік Иса екендігін естіп: — Эй Дэуідтің үрпағы Иса! Маған қайырым қыла гөр! — деп айқайлай бастады. 48 Көп кісілер оған үн шығармауды бүйырды; ол бырақ одан да қатты айқайлап: — Эй Дэуідтің үрпағы! Маған қайырым қыла гөр! — деді. 49 Иса тоқтап: — Оны шақырып алып келіндер! — деп бүйырды. Олар соқырға: — Қорықпа, орныңнан түр! Ол сені қасына шақырып түр, — деді. 50 Ол шапанын шешіп тастап, түрегеліп, Исаның жанына келді. 51 Иса одан: — Менен не істеп беруімді тілейсің? — деп сүрады. Соқыр кісі: — Үстаз, менің көре алуымды, — деді. 52 Иса: — Бара бер, сені сенімің қүтқарды, — деді. Тап сол сэтте оның көзі ашылып коре бастады. Ол Исаның соңынан еріп жолға түсті.

Исаның салтанатпен Иерусалимге кіруі

11:1 Олар Иерусалимге жақындап, Зэйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания деген ауылдарға келгенде, Иса шэкірттерінің екеуін жүмсап, 2 оларға: — Қарсы алдарыңдағы ауыл ға барыңдар. Оған енген бойда-ақ сендер ешкім мінбеген, байлаулы түрған бір жас есекті табасындар. Оны шешіп алып келіңдер. 3 Егер біреу сендерге «Бүл не қылғандарың?» десе, сендер «Бүл Қожамызға керек болды, Ол оны кешікпей кері қайтарып жібереді» деп жауап беріндер, — деді. 4 Олар барып, көшеде бір үйдің қақпасына байлаулы түрған жас есекті тапты да, шылбырын шешті. 5 Сол жерде түрған кісілердің кейбіреулері: — Эй, сендер есекті шешіп не қыласындар? — деп сүрады. 6 Олар Исаның айтқанындай жауап берді, сонда кісілер олардың кетулеріне рүқсат берді. 7 Олар жас есекті Исаға алып келді де, шапандарын үстіне салды; Иса мініп алды. 8 Көптеген кісілер өз шапандарын шешіп жолға төсесе, басқалары ағаштардан бүтақ кесіп алып жолға төседі. 9 Алды-артынан еріп жүргендер айқайласып: — «Амандық! Тэңірдің атынан Келуші жарылқанған!» 10 — Атамыз Дэуідтің [Тэңірдің атынан] келетін патшалығы жарылқанған! — «Аспандағы Тэңір мадақталсын!» — десті. 11 Иса Иерусалимге келіп ғибадатханаға кірді. Онда бэрін қарап көрген Ол кеш болғандықтан сыртқа шығып, он екі [шэкіртін] ертіп Бетанияға барды.

Жеміссіз турган інжір агашы

12 Келесі күні Бетаниядан шыкканда Ол ашықты. 13 Жэне алыста түрған жапырақты бір інжір ағашын көріп, онда бірдеме табылар деп қасына барды. Бірақ та інжір ағашының жеміс беретін мерзімі болмағандықтан, жапырақтарынан баска ештеңе таппады. 14 Сонда Иса оған: — Бүдан былай мэңгі сенен ешкім де жеміс жемесін, — деді. Бүл сөзді шэкірттері де естіді.

Исаның гибадатхананы тазалауы; дін басылардың Исаны қурту туралы кеңесулері

15 Олар Иерусалимге келді. Иса ғибадатханаға кіріп, ондағы сатушылар мен алушыларды қуа бастап, ақша алмастырушылардың үстелдерін жэне көгершін сатушылардың орындықтарын аударып тастады. 16 Жүк көтеріп жүрген әркімнің ғибадатхана [алаңы] арқылы өтуіне тыйым салып, 17 кісілерді үйретіп: — «Менің үйім, барлық халықтар үшін дүға ететін үй деп аталсын» деп [Киелі кітапта] жазылған емес пе? Ал сендер оны қарақшылардың ордасына айналдырдыңдар! — деді. 18 Мүны діни мүғалімд__ мен бас діни қызметкерлер естіп, Оны қүрту жолын іздестіре бастады. Себебі, бүкіл халық Оның үйретуіне таң қалып жүргендіктен, олар Одан қорқып жүрді. 19 Күн кеш болғанда, Иса қаладан шығып кетті.

Қурап қалеан інжір аәашы; кім сенсе, кереметтерді көреді

20 Таңертең олар інжір ағашының жанынан өткенде, сол ағаштың тамырына дейін қурап қалғандығын көрді. 21 Уақиға есіне түскен Петр Исаға: — Үстаз, қарашы, Сен қарғаған інжір ағашы қурап қалыпты ғой! — деді. 22 Иса оларға жауап беріп: 23 — Қүдайға [шын көңілдеріңмен] сеніндер! Өйткені сендерге шын айтып түрмын: егер біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп теңізге тастал!» десе және өз айтқанының орындалатындығына көңілінде күдіктенбей сенсе, оның айтканының бэрі орындалады. 24 Сондықтан сендерге айтатыным: дүғаларыңда не тілесеңдер де, оны [Қүдайдан] алдық деп сеніндер, сонда [Ол] оны сендерге береді. 25 Ал сендер дүға етіп түрғандарында біреуге өкпелерің болса, оны кешіріңдер, сонда аспандағы Экелерің де сендердің күнэларыңды кешіреді. 26 Ал егер сендер кешірмесеңдер, аспандағы Экелерің де сендердің күнәларыңды кешірмес, — деді.

Исаның билігі

27 Олар қайтадан Иерусалимге кірді. Ол ғибадатханада жүргенде Оған бас діни қызметкерлер, діни мүғалімдер және бастықтар келіп, 28 Оная: — Бүл істерді Сен қандай билікпен істеп жүрсің, жэне бүл істерді істеуге Саған кім билік берген? — деп сүрады. 29 Иса оларға жауап қайырып: — Мен де сендерден бір нэрсені сүрайын, Маған жауап беріңдерші; содан соң Мен де сендерге бүл істерді қандай билікпен істейтінімді айтып беремін. 30 Жақияның кісілерді шомылдыруы аспаннан ба, я адамдардан ба еді? Маған жауап беріңдер, — деді. 31 Олар өзара акылдасып: — Егер «аспаннан» десек, Ол «Онда сендер оған неге сенбедіңдер?» деп айтар. 32 Бірақ «адамдардан» дейік пе? Бәрі Жакияны шын пайғамбар деп санағандықтан олар халықтан қорыққан еді. 33 Сондықтан Исаға: — Оны білмейміз, — деп жауап берді. Сонда Иса оларға: — Олай болса, Мен де сендерге бүл істерді қандай билікпен істейтінімді айтып бермеймін, — деді.

Жауыз жузімшілер

12:1 Сонда Иса оларға мысалдап былай дей бастады: — Бір кісі жүзім бағын егіп, оны дуалмен қоршап алды да, жүзім шырынын сығуға арналған шүңқыр қазып, күзет мүнарасын орнатты. Сонсоң бағын жүзімшілерге жалға беріп, өзі басқа жаққа кетті. 2 Мерзімі келгенде ол бағының жемісінен [тиісті үлесін] алу үшін жүзімшілерге бір қызметшісін жіберді. 3 Бірақ олар оны үстап алып сабады да, ештеңе берместен қайтарып жіберді. 4 Ол оларға тағы бір қызметшісін жіберді. Олар оның басын таспен жаралап оны қорлап жіберді. 5 Бүдан кейін тағы да бір қызметшісін жіберді, олар оны өлтірді; басқа жіберген көптеген қызметшілердің кейбіреулерін сабап, кейбіреулерін өлтірді. 6 Ал оның қасында сүйікті жалғыз үлы бар еді; ақырында ол «олар баламнан ұялар» деп, оны да оларға жіберді. 7 Бірак жүзімшілер бір-біріне: «Бүл — мүрагер ғой; кэне, жүріңдер, оны өлтірейік, сонда оның мүрасы біздікі болады» десті. 8 Оны үстап алып өлтірді де, жүзім бағынан шығарып тастады. 9 Енді жүзім бағының иесі не қылады? Келіп ол жүзімшілерді өлтіреді де, жүзім бағын басқаларға жалға береді. 10 Сендер [Киелі] кітапта мынаны әрине оқығансыңдар: «Күрылысшылар жарамсыз деп Шығарып тастаған Тас Бүрыштың негізгі тасы болған. 11 Бұл Тэңірден солай болған: Көз алдымызда бір керемет!» 12 Исаның бұл мысалды өздері турасында айтқанын түсінген [дін басылары] Оны ұстап алуға тырысты, бірақ халықтан қорықты; жэне Оны тастап жөндеріне кетті.

Шетелдік патшаеа салық төлеу дурыс па?

13 Содан кейін олар Оны сөзінен сүріндіріп үстау үшін Оған парызшылдардың жэне Иродтың кісілерінің бірсыпырасын жіберді. 14 Олар Оған келіп: — Ұстаз, біз Сенің эділ болып, біреуге жағыну ниетінен аулақ екендігіңді білеміз. Сен ешкімнің бетіне қарамай, расында да Қүдайдың жолын үйретіп жатырсың ғой. Ал [шетелдік] патшаға салык төлеу [Қүдайдың] заңына сай ма, элде емес пе? Төлейік пе, элде төлемейік пе? — деді. 15 Бірақ Иса олардың екі жүзділігін біліп, оларға: — Сендер Мені неге сынап түрсыңдар? Маған бір теңгені экеліндер, Мен оны көрейін, — деді. 16 Олар біреуін экеліп берді. Ол: — Бүл [теңгедегі] сурет пен ат кімдікі? — деп сүрады. Олар: — Патшанікі, — деді. 17 Иса оларға: — Ендеше, сендер патшанікін патшаға, Қүдайдікін Қүдайға беріңцер, — деп жауап қайырды. Сонда олар Оған таң қалысты.

Қайта тірілу

18 Қайта тірілу жоқ деуші саддукейлер де келіп, Оған сүрақ қойып былай деді: 19 — Эй Үстаз! Бізге Мүса [пайғамбар]: «Біреудің ағасы өліп эйелі жесір қалса, бірақ баласы болмаса, жесіріне інісі үйленіп, ағасының түқымын жетістірсін» деп жазып қалдырған ғой. 20 Бір жеті ағайынды жігіттер бар еді. Олардың біріншісі эйел алды да, бірақ артына бала қалдырмай өлді. 21 Эйелді екіншісі алып еді, ол да бала қалдырмастан өлді. Үшіншісінің тағдыры да солай болды. 22 Ол эйелге жетеуі де үйленді де, бала қалдырмастан өлді. Бэрінен кейін әйелдің өзі де кайтыс болды. 23 Ал ақырғы күні, олардың қайта тірілген кездерінде ол қайсысының эйелі болады? Ол жетеуіне де эйел болған еді ғой. 24 Иса оларға жауап қайырып: — Сендер элде [Киелі] жазуларды да, Қүдайдың қүдіретін де білмегендіктеріңнен адасып түрсыңдар ма? 25 Өйткені адамдар өлімнен қайта тірілген кезінде эйел де алмайды, күйеуге де шықпайды, бірақ аспандағы періштелер сияқты болады. 26 Ал өлгендердің қайта тірілуі туралы сендер Мүсаның кітабындағы «тікенді бүта» деген тарауда Қүдайдың Мүсаға: «Мен Ибраһимнің, Ысқақтың, Жақыптың Қүдайымын» дегенін әлде оқымағансындар ма? 27 Құдай өлгендердің емес, тірілердің Құдайы ғой! Сендер ылғи адасып жүрсіңдер!

Ең уды парыз

28 Діни мүғалімдердің біреуі бүлардың айтыстарына қүлақ салып, Исаның жақсы жауап бергенін естіп, Исаға келді де, Одан: — Барлық парыздардың ең бастысы қайсы? — деп сүрады. 29 Иса оған: — Барлық парыздардың ең бастысы мынау: «Ей Израиль, тыңда: Тэңір — біздің Қүдайымыз — бір ғана Тәңір! 30 Сен Тәңірді — өзіңнің Қүдайынды барлық көңіліңмен, барлық жаныңмен, барлық ойыңмен, барлық күшіңмен жақсы көр!» Бүл — басты парыз. 31 Екіншісі де [сол сияқты]: «Сен өзіңді қалай жақсы көрсең, жаныңдағы кісіні де солай жақсы көр!» Бүлардан да үлы парыз жоқ, — деп жауап берді. 32 Діни мүғалім Оған: — Жарайды, Үстаз! Сен «Қүдай — біреу, Одан басқа Қүдай жоқ» деп шын айтасың. 33 Оны барлық көңіліңмен, барлық ақылыңмен, барлық жаныңмен, барлық күшіңмен жақсы көру және жаныңдағы кісіні де өзіңдей жақсы көру — шалынып өртелген қүрбандықтар мен Құдайға арналған өзге сыйлықтардың бәрінен де артық, — деді. 34 Иса оның ұғымды жауап бергендігін көріп, оған: — Сен Құдайдың Патшалығынан алыс емессің, — деді. Содан кейін Оған сұрақтар қоюға ешкімнің батылы бармады.

Христос — кімнің Үрпаеы?

35 Ғибадатханада үйретіп отырып Иса: — Діни мүғалімдер «Христос — Дэуідтің үрпағы» деп қалай айтады? 36 Дәуідтің өзі Киелі Рухқа кенеліп былай деген ғой: «Тэңір менің Тэңіріме айтты: Мен Сенің дүшпандарыңды Аяғыңның астына бастырғаныма дейін Менің оң жағымда отыр!» 37 Сөйтіп, Дәуідтің өзі Оны Тэңір деп атаған соң, Ол қалайша оның үрпағы болады? — деп сүрады. Жиналған жамағат Оған сүйсініп қүлақ салды.

Діни мугалімдердің екі жузділігі

38 Иса өз үйретуінде тағы былай деді: — Сендер діни мүғалімдерден сақтаныңдар! Олар үзын шапан киіп жүріп, базарда өздеріне сэлем берілуді, 39 мэжілісханаларда төр алдында отыруды, қонақасыларда сыйлы орында жантаюды жақсы көреді. 40 Жесірлердің үйлерін жеп бітіріп, тек көзге көрініске ұзын дұға оқып жүретін олар қатаңырақ жазаланады-ау!

Жесір әйелдің садақасы

41 Иса садақа салатын сандықтың қарсысына отырды да, жұрттың садақаларын салғандығына көз салып отырды. Көптеген байлар көбірек салды. 42 Сол кезде жарлы бір жесір эйел келіп, екі тиындық бақыр ақшаны салды. 43 Иса шэкірттерін шақырып алып: — Сендерге шын айтып түрмын: мына жарлы жесір эйел, сандыққа садақаларын салғандардың бэрінен де көп берді. 44 Өйткені олардың бәрі өздерінің молшылықтарынан ғана салды. Ал бұл эйел өзі жарлы болса да, өзінде бар күн көретінінің бэрін де салды, — деді.

Ғибадатхананың бузылуы және осы заманның ақыры

13:1 Иса ғибадатханадан шыққан кезде шэкірттерінің бірі Оның қасына келіп: — Үстаз, қарашы, тастар қандай [эдемі], ғимараттар қандай [сэулетті]! — деді. 2 Иса оған: — Мына үлкен ғимараттарды көріп түрсың ба? Мүнда тастың үстінде тас қалмас, бәрі де қиратылып бітеді, — деп жауап берді. 3 Содан соң Ол Зәйтүн тауының басында, ғибадатхананың қарсысында отырғанда, Петр, Жақып, Жохан, Андрейлер Оның қасына оңаша келіп Одан: 4 — Бізге айтшы: ол қашан болады? Жэне қандай белгі ол қүбылыстардың бэрінің орындалатынын білгізеді? — деп сүрады. 5 Иса оларға жауап беріп: — Біреудің сендерді теріс жолға түсіріп азғыруынан сақ болыңдар! 6 Себебі, көп кісілер: «Мен — Солмын» деп Менің атыммен келіп, көптегендерді теріс жолға түсіріп азғырады. 7 Сендер соғыстар мен соғыс туралы сыбыстар естігенде үрейленбеңдер, өйткені бүлардың солай болуы тиісті. Бірақ ол элі ақыры емес. 8 Өйткені үлт үлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, кейбір жерлерде жер сілкінулер, ашаршылықтар [жэне тынышсыздықтар] болады. Бұлар азаптың басталуы ғана. 9 Ал сендер өздеріңе сақ болыңдар. Өйткені олар сендерді соттарға ұстап береді, мэжілісханаларда сабап соғады. Маған бола сендер билер мен патшалардың алдарына апарылып, оларға [Мен туралы] куәлік бересіндер. 10 [Осы заманның ақырынан] бұрын ұлттардың барлығына да Ізгі хабарды жариялау керек. 11 Ал олар сендерді сотқа тартуға апарғанда, не деп айту жайында алдын ала қам қылып абыржымандар: сол сэтте с ендерге не берілсе, соны айтындар, өйткені өздерің емес, Киелі Рух сөйлейді. 12 Бауыры бауырын, экесі баласын өлімге ұстап береді, балалары әке-шешелеріне қарсы шығып оларды өлтіртеді. 13 Менің атыма бола сендерді бэрі де жек көреді. Ал ақырына дейін шыдамдылық көрсеткен құтқарылады.

Үлкен апат; жалеан «қутқарушылардан» сақтаныңдар!

14 Алайда сендер [Даниил пайғамбар алдын ала айтқан] бүлдіретін жексұрын бүттың түруға болмайтын [киелі] орында түрғандығын кашан көрсеңдер (мүны оқыған кісі мэнін түсінсін), сол кезде Иудея өлкесінде түрғандар тауларға қашып қүтылсын! 15 Кім үйдің төбесінде болса, ол үйдің ішінен бірдеме алайын деп төбеден түсіп үйге кірмей дереу қашсын; 16 кім далада болса, ол киім-кешек алайын деп қайта оралып жүрмей қашып қүтылсын! 17 Сол күндері жүкті жэне бала емізіп жүрген эйелдерге қиын болады-ау. 18 Қашатын кездерің қыс мерзіміне тура келмесін деп Құдайдан тілек тілеңдер. 19 Өйткені сол күндерінде, Қүдай элемді жаратқаннан бері осы күнге дейін еш болмаған, келешекте де тағы болмайтын [үлкен] апат болады. 20 Егер Тэңір сол күндердің санын қысқартпаса, онда ешбір адам қүтқарылмас еді, бірақ Оның таңдап алғандары үшін Ол сол күндердің санын қысқартты. 21 Сол уақытта сендерге біреу «Міне, Христос мүнда!» немесе «Міне, Ол онда!» десе, сенбендер. 22 Өйткені [қүтқарушысынған] жалған «христостар» да, жалған «пайғамбарлар» да шығып, егер мүмкін болса Қүдайдың таңдап алғандарын да азғыру үшін, кереметтер мен ғажаптарды көрсетеді. 23 Бірақ сендер абайлаңдар! Мен сендерге бәрін алдын ала айтып бердім.

Дүниені соттаушы Христос келеді

24 Ал сол күндерде, сол апаттан кейін Күн де қараңғыланады, Ай да жарқырамайтын болады; 25 Жүлдыздар аспаннан қүлайды, Аспанның күштері сілкінеді. 26 Сол уақытта адамдар Адам Үлының үлы қүдірет жэне салтанаттылықпен бүлттарда келе жатқандығын көреді. 27 Сонда Ол Өзінің періштелерін жібереді де, дүниенің төрт бүрышынан, жердің шетінен бастап аспанның шетіне дейін Өзінің таңдап алғандарын жинатып алады.

Дайын болыңдар!

28 Інжір ағашынан мысал алындар: оның бүтақтары жүмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың жақындағанын білесіңдер. 29 Сендер де солай, сол күбылыстардың болғанын көргенде [Адам Ұлының] жакындап, есік алдына келіп түрғанын біліңдер. 30 Сендерге шын айтып түрмын: мүның бэрі болғанша осы үрпақ жойылып кетпейді. 31 Аспан мен жер жойылады, бірақ Менің сөздерім жойылмайды. 32 Ал сол күннің, сол сағаттың кдшан болатынын ешкім де, аспандағы періштелер де, [Қүдай] Үлы да білмейді, жалғыз Экесі ғана біледі. 33 Абайлаңдар, қалғымаңдар, [дүға етіңдер]! Өйткені ол сэттің кашан болатынын сендер білмейсіңдер. 34 Ол жағдай бір адамның жолға шыққанына үқсайды. Ол кеткенде қалған үй-жайын өзінің қызметшілеріне басқарып түруға билік беріп, эрқайсысына өзі аткаратын жүмысын тапсырып, қақпа күзетушісіне де сергек болып күзетіп түруын аманат еткен. 35-36 Сондықтан, Үй Қожасы кенеттен келіп, сендерді үйқыда таппау үшін сергек болындар! Оның қай уақытта — кешке, элде түн ортасында, элде этеш шақырған кезде, элде таң сэріде — келетінін білмейсіңдер ғой. 37 Сендерге айтқанымды бэріне де айтып түрмын: сергек болыңдар!

Исаның өлімінің жақындауы

14:1 Құтқарылу мейрамы мен Ашытпаған нан мейрамына екі күн қалған еді. Бас діни қызметкерлер мен діни мүғалімдер Исаны айламен қолға түсіріп алып, Оны өлтіру жолын іздестірді. 2 — Бірақ халықтың арасында бүлік шықпау үшін бүл істі мейрам күндері істемейік, — десті. 3 Ал Иса Бетанияда алапес болған Шимонның үйінде болды. Ол дастарқан басында отырғанда, қолында «нард» деген нағыз, қымбатты иісмайға толған мөлдір тас күтысы бар бір эйел кіріп келді де, қүтысын сындырып, иісмайды Оның басына құйды. 4 Сонда [отырған] кейбіреулер ашуланып өзара: — Иісмайды неліктен осындай ысырап етті? 5 Оны үш жүз сомнан да қымбатқа сатып, ақшасын жарлыларға үлестіру мүмкін болар еді ғой, — деп сөйлесіп, эйелді сөкті. 6 Бірақ Иса оларға: — Оған тиіспеңдер; оны неге ұялтасындар? — деді. — Ол Маған ізгілікті іс істеді ғой. 7 Жарлылар эрдайым да сендермен бірге, сендер калаған кездеріңде оларға қайырымдылық істей аласындар; ал Мен сендермен бірге эрдайым тұрмаймын. 8 Ол қолынан келгенін істеп, күні бүрын Менің денемді жерлеуге әзірлеп майлады. 9 Сендерге шын айтып түрмын: қайда болсын бүкіл дүние жүзінде бүл Ізгі хабар жарияланғанда бұл эйелді еске алып, оның істеген ісін де айтатын болады. 10 Бірақ он екі шэкіртінің бірі болған Иуда Исқариот оларға Исаны ұстап беру мақсатымен бас діни қызметкерлерге барды. 11 Олар мұны естіп, қуанып қалды да, оған күміс бермекші болып уэде берді. Содан соң ол Исаны оларға ұстап берудің ыңғайлы сэтін іздеді.

Қутқарылу мейрамындагы ас

12 Ашытпаған нан мейрамының бірінші күні Қүтқарылу мейрамдық қозы шалынатын кезде шәкірттері Исадан: — Саған мейрам асын қай жерге барып эзірлеуімізді бүйырасың? — деп сүрады.13 Иса шәкірттерінің екеуін жүмсап: — Қалаға барып кіріңдер, онда қүмырамен су алып бара жатқан бір кісі сендерге кездеседі; оның соңынан еріңдер. 14 Ол кірген үйдің иесіне сендер: «Үстазымыз: Мен шэкірттеріммен бірге отырып Қүтқарылу мейрамының тамағын жейтін қонак бөлмем қайда екен деді» деңдер. 15 Ол кісі сендерге еденіне төсеніштер төселген, даярланған үлкен бір жоғарғы бөлмені көрсетеді, сол жерде бізге эзірлеңдер, — деді. 16 Шэкірттері шығып, қалаға келді. Олар бэрін Исаның айтқанындай тауып алып, мейрам тамағын әзірледі. 17 Күн кешке айналғанда Ол он екі шэкіртімен бірге келді. 18 Олар дастарқан басында тамақтанып отырғанда Иса оларға: — Сендерге шын айтып түрмын: Менімен бірге тамақтанып отырған сендердің біреуің Маған опасыздық қылады, — деді. 19 Олар қайғыланып, бірінен кейін бірі Одан: — Мен емеспін бе? — деп сүрай бастады. 20 Иса оларға жауап беріп: — Менімен бірге табаққа нан малып алып отырған он екіңнің бірің — сол. 21 Адам Үлы Өзі туралы [Киелі кітапта] жазылған жолмен барады, алайда Адам Үлына опасыздық қылушыға қасірет болады-ай! Ол кісіге дүниеге келмегені жақсырақ болар еді! — деді.

Исаның қурбан болуы: Жаңа бітімнің негізі

22 Олар тамақтанып отырғанда Иса нан алып, бата берді; нанды сындырып алып, оларға бёріп былай деді: — Алындар, [жендер]; бұл — Менің денем. 23 Онан соң Ол тостағанды алып, шүкірлік етті; оны оларға берді, барлығы одан ішті. 24 Жэне оларға былай деді: — Бұл — Менің көп адамдар үшін төгілетін қаным, Жаңа бітімді бекітетін қан. 25 Сендерге шын айтып түрмын: бүдан былай, Қүдайдың Патшалығында қайтадан ішетін күніме дейін, Мен бүндай жүзім суынан ішпеймін, — деді. 26 Содан кейін олар Құдайды мадақтау өлеңін айтып, Зэйтүн тауына шығып кетті.

Петрдің Исадан танатындыгы туралы алдын ала білдіру

27 Сонда Иса оларға: — Бүл түні сендердің бэрің де Маған сенбей қалып жолдан таясыңдар. [Киелі кітапта] былай деп жазылған: «Мен бақташыны үрып өлтіремін, Сонда қойлары бытырап кетеді.» 28 Бірақ Мен қайта тірілгенімнен кейін сендерден бүрын Ғалилеяға барамын, — деді. 29 Петр Оған: — Бэрі де Саған сенбей жолдан тайса да, мен Сенен таймаймын, — деді. 30 Иса оған жауап беріп: — Саған шын айтып түрмын: бүл түні этеш екі рет шақырғанша сен Менен үш рет танасың, — деді. 31 Бірақ Петр қызулықпен айтып: — Маған Сенімен бірге өлуге тура келсе де, мен Сенен танбаймын, — деді. Бэрі де солай деді.

Исаның Гетсиманидагы қиналуы мен дугалары

32 Олар Гетсимани деген бақшалы бір орынға келді. Ол шэкірттеріне: — Мен дұға етіп болғанымша, сендер мұнда отыра тұрыңдар, — деді. 33 Ол Өзімен бірге Петр, Жақып, Жохандарды алып кетіп, қатты қысылып қинала бастады. 34 Оларға: — Менің жаным өлердей қайғыға түсіп түр. Сендер осы жерде қалып, ұйықтамай отырыңдар, — деді. 35 Содан кейін Ол біраз шеткері барып, жерге жығылып, егерде мүмкін болса, осы сағаттың Өзінен өтуін тілеп дүға етті: 36 — Абба, Экем! Саған бэрі де мүмкін ғой. Мына [азапқа толтырылған] тостағанды Менен ал. Бірақ Менің емес, Өзіңнің тілегеніңше болсын! 37 Қайтып келіп, шэкірттерінің үйықтап жатқандарын көрді де, Петрге: — Симон, үйықтап жатырсың ба? Сен бір сағат та үйықтамай отыра алмадың ба? 38 Сендер теріс жолға азғырылмауларың үшін үйықтамай отырып дүға етіңдер! Рух даяр, бірақ дене қуатсыз, — деді. 39 Иса тағы шеткері барып, сол сөздерін қайталап дүға етті. 40 Қайтып келіп, олардың көздерін үйқы басқандықтан тағы да үйықтап жатқандарын көрді. Олар Оған не деп жауап беруді білмеді. 41 Ол үшінші рет қайтып келіп, оларға: — Сендер элі үйықтап тынығып жатырсыңдар ма? Болды, енді уақыт жетті, Адам Үлы күнэкарлардың қолына беріледі. 42 Түрындар, жүрейік; эне, Маған опасыздық қылушы кісі жақындап қалды, — деді.

Исаның тутқындалуы

43 Ол мүны сөйлеп түрғанда дереу он екінің бірі, Иуда, жэне онымен бірге бас діни қызметкерлер, діни мүғалімдер жэне бастықтар жіберген семсерлі, сойылды көп халық келді. 44 Ал Оған опасыздық қылушы оларға белгіні түсіндіріп: — Мен кімнің бетінен сүйсем, Ол — Соның Өзі. Оны үстаңдар да сақтап алып кетіңдер, — деген еді. 45 Ол келген бойда-ақ Исаның қасына барып: — Ұстаз! [Үстаз!] — деп, Оның бетінен сүйді. 46 Сонда адамдар Исаға қол салып Оны үстап алды. 47 Бірақ сол жерде түрғандардың біреуі семсерін суырып алып, бас діни қызметкердің малайын соғып, оның бір қүлағын шауып тастады. 48 Сонда Иса оларға үндеп: — Мені үстау үшін сендер тонаушыға қарсы аттанғандай болып, семсер мен сойыл алып шығыпсыңдар. 49 Мен күн сайын ғибадатханада үйретіп сендермен бірге болдым, ал сендер Мені үстамадыңдар. Алайда [Киелі] жазуларда жазылғанының орындалуы тиіс қой, — деді. 50 Сонда шэкірттерінің бэрі Оны тастап қаша жөнелді. 51 Жалаңаш денесіне бөз ораған бір жас жігіт Исаның соңынан еріп еді. Эскерлер оны үстап алды. 52 Бірақ ол оранған бөзін тастай салып, олардан жалаңаш қашып қүтылды.

Иса иудейлердің жоеаргы кеңесі алдында

53 Сонан соң олар Исаны бас діни қызметкерге алып барды. Оның қасына барлық бас діни қызметкерлер, діни мүгалімдер жэне бастықтар жиналысты. 54 Петр алыстан Исаға ілесіп, бас діни қызметкердің сарайының ішкі ауласына дейін барды; онда қызметшілермен бірге отқа жылынып отырды. 55 Ал бас діни кызметкерлер мен бүкіл жоғарғы кеңес [әміршіге] Исаны өлтірту үшін Оған қарсы айғақтық іздесті, бірақ таба алмады. 56 Көптеген кісілер Оған қарсы өтірік айғақтық келтірсе де, айғақтықтары біріне-бірі сай келмеді. 57 Кейбіреулері түрып Оған қарсы өтірік айғақтық келтіріп: 58 — Біз Оның: «Мен қолдан жасалған мына киелі үйді бүзып, қолдан жасалмаған басқа біреуін үш күннің ішінде саламын» дегенін естідік, — деді. 59 Бірақ олардың бүл айғақтары да біріне-бірі сай келмеді. 60 Сонда бас діни кызметкер орнынан түрып ортаға шықты да, Исадан: — Саған қарсы айғақтық келтіргендерге сен еш жауап қайтармайсың ба? — деп сүрады. 61 Бірак Ол үн қатпай еш жауап қайтармады. Бас діни қызметкер Оған тағы да сүрақ қойып: — Мадақталғанның Үлы — Христос — Сенсің бе? — деді. 62 Иса: — Мен — Солмын. Ал сендер Адам Үлының Қүдіретті Күштің оң жағында отырғанын жэне көктегі бүлттарда келгенін көресіңдер, — деп айтты. 63 Сонда бас діни қызметкер өз шапанын жыртып тастап: — Енді бізге айғақтар неге керек?! 64 Құдайға тіл тигізгенін естідіңдер ғой. Пікірлерің қандай? — деді. Олардың бэрі де: — Ол өлім жазасын тартуға тиісті, — деп үкімін кесті. 65 Сонда кейбіреулері Оған түкіре бастады да, бетін бүркеп Оны соғып, Оған: — Бізге пайғамбарша болжам айт! — деді. Қызметшілер де Оның бетіне шапалақтады.

Петрдің Исадан уш рет тануы

66 Ап Петр төменде, сарай ауласында отырған еді. Сонда бас діни қызметкердің бір малай әйелі келіп, 67 отқа жылынып отырған Петрді көріп, оған үңіліп қарады да: — Сен де Назареттік Исамен бірге болдың ғой, — деді. 68 Бірақ ол: — Сенің не айтып түрғаныңды білмеймін де түсінбеймін, — деп Одан танды да, сыртқа, есік алдына барып түрды. Сонда әтеш шақырды. 69 Малай эйел оны тағы көріп, сол жерде түрғандарға: — Мынау да олардың бірі, — деп сөйлей бастады. 70 Ол тағы да танды. Біраздан кейін сол жерде түрғандар Петрге тағы да: — Рас, сен солардың бірісің! Сен ғалилеялықсың, [сөзіңнен де білініп түр] ғой, — деді. 71 Ол: — Сендер айтып түрған бүл Кісіні мен білмеймін, — деп ант етіп қарғана бастады. 72 Сол сэтте-ақ этеш екінші рет шақырды. Сонда Исаның «Этеш екі рет шақырғанша сен Менен үш рет танасың» деген сөзі Петрдің есіне түсіп, ол жылай бастады.

Иса римдік эміршінің апдында

15:1 Таң ата салып бас діни қызметкерлер, бастықтар жэне діни мүғалімдер, [яғни] бүкіл жоғарғы кенес, ақылдасты да, Исаны байлатып [эмірші] Пилатқа апарып, оның қолына тапсырды. 2 Пилат Одан: — Сен иудейлердің Патшасысың ба? — деп сүрады. Ол оған: — [Дүрыс] айтасың, — деп жауап берді. 3 Ал бас діни қызметкерлер Оны кінэлап көп нэрсе айтты. 4 Пилат Одан тағы да: — Сен жауап бермейсің бе? — деп сүрады. — Сені қаншама көп кінәлағандарына қарасайшы! 5 Бірақ Иса бүған да еш жауап қайырмады; сол себептен Пилат таңцанып қалды.

Өлім укімі

6 Пилат мейрам болған сайын иудейлер тілеген бір тұтқынды оларға босатып беретін. 7 Сол уақытта абактыда өзінің айыптас серіктерімен бірге қамалған Бараба атты бір тұтқын бар еді; олар көтеріліс кезінде кісі өлтірген еді. 8 Сонда халық айқайлап, Пилаттан эрқашан істегеніндей қайтадан істеуін өтіне бастады. 9 Пилат оларға: — Мен сендерге иудейлердің Патшасын босатып беруімді тілейсіңдер ме? — деп жауап қайырды. 10 Себебі, ол бас діни қызметкерлердің Оны күншілдік етіп ұстап бергендігін білген еді. 11 Бірақ бас діни қызметкерлер халықты еліктіріп, «Одан гөрі бізге Барабаны босатып берші» деп талап еткізді. 12 Пилат оларға тағы да жауап қайырып: — Ал сендер «иудейлердің Патшасы» деген Кісі жайында не істеуімді тілейсіңдер? — деді. 13 Олар тағы да айқайласып: — Оны айқыш ағашқа керіп шегелеп таста! — деді. 14 Пилат: — Ол қандай жамандықты істеді? — деп сүрады. Бірақ олар бүрынғысынан бетер: — Шегеле Оны айқыш ағашқа! — деп айқайласты. 15 Сонда Пилат халықтың көңілін тапқысы келіп, оларға Барабаны босатып берді, ал Исаны қамшылап сабап, айқыш ағашқа керіп шегелеп тастауға [эскерлеріне] тапсырды.

Әскерлердің Исаны қинап қорлауы

16 Эскерлер Исаны эміршінің ордасы болған сарайдың ішкі ауласына алып барып, бүтін полкты жинады. 17 Олар Исаға ашық қызыл шекпен кигізіп, тікенді шыбықтардан таж өріп басына салды. 18 Оған сэлем беріп: — Сәлем Саған, иудейлердің Патшасы! — дей бастады да, 19 Оның басына таяқпен ұрғылап, Оған түкірді де, алдына тізерлеп, Оған тәжім еткенсіді. 20 Оны келекелеп болғаннан соң, Оның үстіндегі ашық қызыл шекпенді шешіп алып, Оған өз киімін кигізді.

Исаның айқыш аеашқа керілуі

Сонан соң олар Исаны айқыш ағашқа керіп тастауға ертіп шығып кетті. 21 Даладан қарсы алдарынан келе жатқан киринелік Шимонды тоқтатып, Исаның айқыш ағашын арқалап алып жүруге зорлады. (Шимон, Александр мен Руфостың экесі болатын.) 22 Исаны Ғолғота деген жерге алып барды. (Ғолғота «бассүйек орны» деп аударылады.) 23 Оған мирра [деген дэрі-дэрмек] қосқан шарап ішкізбекші болды, бірақ Ол оны ішуден бас тартты. 24 Оны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастаған [эскерлер] кімге не тиер деп Оның киімдеріне шек салысып бөлісті. 25 Олар Оны айқыш ағашқа шегелегендегі уақыт сағат тоғыз еді. 26 Оның айыбын көрсеткен «ИУДЕЙЛЕРДІҢ ПАТШАСЫ» деп жазылған жазу да бар еді. 27 Олар Онымен бірге екі тонаушыны да, бірін оң жағында, екіншісін сол жағында айқыш ағаштарға керіп шегелеп тастады. 28 [Сөйтіп, Киелі кітапта: «Ол қылмыстылармен тең саналды» деп жазылған сөз орындалды.] 29 Исаның қасынан өтіп бара жатқандар бастарын шайқап, Оны мазақтап: — Эй, киелі үйді бүзып, үш күн ішінде қайта түрғызатын Сен! 30 Ал енді айқыш ағаштан түсіп, Өзінді қүтқаршы! — деді. 31 Сол сияқты бас діни қызметкерлер де діни мүғалімдермен бірге Оны келекелеп, өзара: — Бүл басқаларды қүтқарыпты, бірақ Өзін-Өзі күткара алмай түр ғой. 32 Израилдің Патшасы Христос енді айқыш ағаштан түссін, біз көріп Оған сенейік! — десті. Онымен бірге айқыш ағашқа керіліп тасталғандар да Оны балағаттады.

Исаның қайтыс болуы

33 Түскі сағат он екіде бүкіл жерге қараңғылық түсіп, түстен кейін сағат үшке дейін қара түнек басып түрды. 34 Сағат үште Иса қатты дауыспен [өз тілінде]: — Ілои, Ілои! Лама сабахфани? — деп айқайлады. Айтқан сөзінің мағынасы: «Қүдайым, Қүдайым! Неліктен Мені жалғыз тастадың?» 35 Онда түрғандардың кейбіреулері мүны естіп: — Қара, анау Ілиясты шақырып түр, — десті. 36 Біреуі жүгіріп барып, бір губканы сірке суына малып алып, оны бір таяқтың үшына қадап, Оған ішкізді де: — Тоқтай түрындар, Ілияс келіп Оны түсіріп алар ма екен көрейік! — деді. 37 Бірақ Иса қатты айқайлады да, жан тапсырды. 38 Сонда киелі үйді [бөлетін] шымылдық жоғарғы жиегінен етегіне дейін екіге бөлініп жыртылды. 39 Қарсы алдында түрған жүзбасы Исаның солайша айқайлап жан тапсырғандығын көріп: — Бүл Адам шынында Қүдайдың Үлы екен! — деп айтты. 40 Бүл жерде алыстан қарап түрған әйелдер де бар еді. Олардың араларында мағдалалық Мариям, кіші Жақып пен Жосияның шешесі Мариям жэне Саломи еді; 41 олар Исаға Ғалилеяда болған кезінде еріп жүріп, қызмет еткен еді. Сонымен қатар Исаның соңынан Иерусалимге еріп келген көп басқа әйелдер де сонда еді.

Суйектің қабірге жерленуі

42 Күн кеш болды. Сол күн эзірлік күні (яғни [діни] демалыс күнінің алдындағы жүма күні) болғандықтан, 43 кеңестің қадірлі мүшесі болған ариматеялық Жүсіп те келді. Ол өзі де Қүдайдың Патшалығын күтуші еді. Батылдықпен Пилатқа барып, Исаның сүйегін тіледі. 44 Пилат Оның элдеқашан өлгендігіне таң қалып, жүзбасыны шақыртып алып, одан: — Ол өлгелі көп болды ма? — деп сүрады. 45 Жүзбасынан білгеннен кейін, Пилат сүйекті Жүсіпке тапсырып берді. 46 Жүсіп асыл кебін сатып алып, Исаның сүйегін айқыш ағаштан түсіріп алып, сол кебінмен орады; жартастан үңгіп жасалған қабірге апарып қойды. Сонан соң ол [қақпақ] тасты домалатып, қабірдің аузына қойды. 47 Ал мағдалалық Мариям жэне Жүсіптің шешесі Мариям Оның қайда жерленгендігін көріп түрды.

Исаның қайта тірілуі

16:1 Демалыс күні өткеннен кейін, мағдалалық Мариям, Жақыптың шешесі Мариям жэне Саломи барып, Исаның сүйегін жағу үшін иісмайлар сатып алды. 2 Аптаның бірінші күні ертемен, күн шығып келе жатқан кезде олар қабір басына келді. 3 Өзара: — Бізге кдбірдің алдындағы тасты кім домалатып берер екен? — деп сөйлесті. 4 Олар келіп қараса, [қақпақ] тастың домалатып тасталғандығын байқады. Ал ол тас өте үлкен еді. 5 [Үңгір] қабірдің ішіне кірген олар оң жақта ақ киім киіп отырған бір жас кісіні көріп, қорқып кетті. 6 Бірак ол оларға: — Қорықпаңдар! Сендер айқыш ағашқа шегеленіп тасталған Назареттік Исаны іздеп келдіңдер ғой. Ол қайта тіріліп кетті, мүнда жоқ! Қараңдар, Оның қойылған жері — мынау. 7 Ал сендер барып, шэкірттеріне және Петрге: «Ол сендерден бүрын Ғалилеяға барады. Өзінің сендерге айтканындай, Оны онда көресіңдер» деп айтыңдар, — деді. 8 Олар сыртқа шығып, қабірден қаша жөнелді; калтырау мен қорқыныш оларға үстем болды. Қорыққандықтарынан ешкімге ештеңе де айтпады.

Исаның шәкірттеріне көрінуі

9 Аптаның бастапқы күні ертемен қайта тірілген Иса ең эуелі мағдалалық Мариямға көрінді. (Иса [бір кезде] онан жеті жынды шығарған еді.) 10 Мариям барып, бүрын Исамен бірге болған, енді Оны жоқтап жылап отырғандарға хабар берді. 11 Ал олар оның: «Иса тірі, мен Оны көрдім!» дегенін естіді, бірак сенбеді. 12 Одан кейін Иса бір ауылға кетіп бара жаткан шәкірттерінің екеуіне жолда өзге бір түрмен кездесті. 13 Олар қайтып келіп, қалғандарына білдірді, бірақ олар бүларға да сенбеді. 14 Ақырында, кешкі тамаққа бірге отырған кездерінде, Ол он бір шэкіртінің өздеріне де келіп көрінді, жэне қайта тірілген Өзін көргендерге сенбей қиқарлық қылғандықтарын сөкті.

Исаның шәкірттерін бүкіл жер жүзіне жіберуі

15 Оларға былай деп сөйледі: — Бүкіл жер жүзіне барып, жаратылғандардың бәріне Ізгі хабарды жариялап жеткізіқдер! 16 Кімдекім сеніп шомылдырылса, қүтқарылады, ал кімде-кім сенбесе, сотталады. 17 Сенгендер [Құдайдың кұдіре-тін] көрсететін мынадай кереметтерді істейді: Менің атыммен жындарды шығарып тастайды; жаңа тілдермен сөйлейді; 18 колдарымен жыландар үстайды; улы зат ішсе де, оларға ештеңе болмайды; наукастардың үстіне колдарын қойса, олар сауығады, — деді. 19 Сонымен Қожа олармен сөйлесіп болғаннан кейін аспанға көтеріліп, Қүдайдың оң жағына отырды. 20 Шәкірттері де барып, Ізгі хабарды эр жерде жариялап жүрді; Қожа олармен бірге істеп, [өз қүдіретін] көрсететін кереметтер арқылы олар жариялаған Сөзді бекітіп берді. Аумин!