Сол күндерде Иса Ғалилея өлкесіндегі Назарет қаласынан келіп, Иордан өзенінде Жақияның қолынан шомылдырылды. Иса судан шыққан уақытында Жақия аспанның ашылғанын және Киелі Рухтың көгершін сияқты Оның үстіне түсіп қонғанын көрді. Сонда аспаннан: Сен Менің сүйікті Үлымсың, Мен Саған ризамын, деген дауыс естілді. Содан кейін Киелі Рух Исаны дереу айдалаға апарды. Айдалада қырық күн тұрғанда, шайтан Исаны сынады; Ол андар арасында тұрды, ал періштелер Оған қызмет етті.
Жақия қамалғаннан кейін, Иса Ғалилея өлкесіне келіп, Құдайдың патшалығы туралы Ізгі хабады жариялап: Енді уақыты жетіп, Құдайдың Патшалығы таяп келді! Теріс жолдарыңнан қайтып, Ізгі хабарға сеніндер! деп сөйледі. Иса Ғалилея көлінің жағасымен бара жатқанда, көлге ау салып жүрген Симон мен оның інісі Андрейді көрді. Олар балықшы болатын. Иса оларға: Менің соңымнан еріндер. Мен сендерді, балық аулағандарындай Маған адам жинаттырамын, деді. Олар дереу ауларын тастап, Оған еріп Оның шәкірті болды. Сол жерден біраз әрірек жүрген соң, Ол Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жақияны көрді. Олар қайықта ауларын жамап отыр еди. Сонда Иса оларды шақырды, олар да әкелері Зебедейді жұмысшылармен бірге қайықта тастап, Оған ілесті.
Олар Қапарнаум қаласына келді. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға кіріп, жиналған жұртты үйрете бастады. Жұрт Оның үйретуіне таң қалысты, өйткені Ол оларды діни мұғалімдер сияқты емес, Өзінің билігімен үйретті. Сонда жын соққан бир адам олардың мәжілісханасында айқайлап: Тоқта, назареттік Иса! Сенің бізде не жұмысың бар? Бізді құртуға келдің ғой! Сенің кім екеніңді блемін, Сен Құдайдың Киелісісің, деді. Бирақ Иса оған: Үніңді өшір де, бұл адамның ішінен шығып кет, деп тыйым салды. Жын оны дереу шайқалтып, қатты дауыспен айқайлап оның ішінен шығып кетті. Сонда барлығы қорқып аң-таң болып қалды. Бір-бірінен: Бұл не? Бұл не еткен жаңа ілім? Ол жындарға билікпен бұйрық береді, олар да Оған бағынады, деп сұрасты. Осыдан кейін Ол жайындағы хабар тез арада бүкіл Ғалилея өлкесіне тарады. Көп кешікпей мәжілісханадан шыққан Иса Жақып жене Жақиямен бірге Симон мен Андрейдің үйіне кірді. Симонның қайын енесі безгекпен ауырып төсек тартып жатыр еди. Олар мұны Исаға дереу айтып берді. Иса оның қасына барып, оны қолынан ұстап тұрғызды. Оның безгегі дереу шығып кетті, әйел оларды күте бастады. Күн батып кеш болған кезде ондағы жұрт Исаға науқастар мен жын соққандардың барлығын алып келді. Жұрттың бәрі сыртта, есік алдына жиналды. Иса түрлі дертпен азаптанған көптеген ксілерді сауықтырды және көп жындарды кісілерден шығарып тастады. Жындар Оның Христос екендігін білгендіктен, Ол олардың сөйлеуіне тыйым салды.
Ертеңінде Иса таң алдында тұрып үйден шықты да, оңашае бр жерге барып дұға етті. Симон және онымен бірге болғандар асығып Оның соңына түсті. Оны тапқаннан кейін Оған: Жұрттың бәрі Сені іздеп жүр, деді. Иса оларға жауап беріп: Енді жақын маңдағы ауылдар мен қалаларға барайық. Ол жерлерде де Менің уағыздауым керек, өйткені Мен сол үшін келгенмін, деді. Және бүкіл Ғалилея өлкесін аралап, мәжілісханаларда уағыздап, кісілерден жындарды шығарып тастап жүрді. Исаға алапес біреу келіп, тізесін бүгіп: Егер Сен қаласаң, мені жазып тазалай аласың, деп жалбарынды. Иса жаны ашып, оған қолын созып тигізді де: Қалаймын, тазалан, деді. Иса бұл сөзді айтысымен алапес онан дереу кетті де, адам сауығып тазаланды. Иса оны дереу жіберіп: Байқа, ешкімге ештеңе айтпа! Бірақ сенің жазылғаның оларға әйгілі болсын деп діни қызметкерге барып өзіңді көрсет те, Мұса пайғамбар бұйырған сыйлықты бер, деп жарлық берді. Алайда ол шыққан бойда-ақ болған уақиғалар жайында әшкере түрде сөйлеп, хабарды жариялай бастады. Сондықтан Иса одан кейін ешбір қалаға ашық түрде кіре алмады, бірақ қаланың сыртындағы елсіз далада тұрды. Сонда да жұрт Оған әр жақтан келе берді.